Мектеп асханасында тамақтандыруды ұйымдастыру » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп асханасында тамақтандыруды ұйымдастыру
05
сәуір
2021

Мектеп асханасында тамақтандыруды ұйымдастыру

Мектеп асханасында тамақтандыруды ұйымдастыру

     Мектепте жүргізілген  күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін асхана іші жаңарып, жабдықталды. Асхана іші таза әрі жарық. «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 46-қосымшасын қатаң басшылыққа ала оырып, асхана жұмысы ұйымдастырылды. Үзіліс кезінде оқушылардың асханаға отыратын орындарының жобалық қуатынан 30%-дан аспайтын нормаға сай 12 оқушыдан  келіп, тазалық ережелерін сақтап, тамақтануын кезекші мұғалімдер қадағалап отырады. 

Аспазшылар  аз мәзіріне сай дәмді тағамдарын балаларға ерекше ықыласпен ұсынады. Ас мәзірі күнделікті ауысып отырады. Аспазшылар үлкен жауапкершілікпен оқушы алдындағы міндетін атқарады. Асхананың санитарлық гигиеналық жағдайы медбикелер тарапынан қатаң бақылануда.