20
сәуір
2026
2026 жылдың 20 сәуір күні №44 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 9-сынып білім алушыларына «Еңбек нарығы және мамандық таңдау» тақырыбында кеңес өткізілгені туралы
Іс-шара барысында оқушыларға қазіргі еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, болашақ кәсіпті таңдауда жиі кездесетін қателіктер түсіндіріліп, оларды болдырмау жолдары қарастырылды. Оқушыларға бейіндік пәндерді дұрыс таңдаудың маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шара өз мақсатына жетті, оқушылар белсенді қатысып, өздеріне қажетті ақпарат алды.