22
желтоқсан
2025
№44 ЖОББМГ-де 2025 жылдың желтоқсан айында 8–9 сынып оқушыларымен «кәсіби бағдар беру:мамандықты саналы таңдау» ақпараттық дайжест өткені туралы
2026 жылдың желтоқсан айында №44 ЖОББМГ мекемесінде 8–9 сынып оқушыларымен «Кәсіби бағдар беру: мамандықты саналы таңдау» тақырыбында ақпараттық дайджест өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға мамандық таңдаудың маңыздылығын түсіндіру, олардың жеке қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес кәсіби бағыт-бағдар беру, сондай-ақ еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат ұсыну.
Дайджест барысында оқушыларға заманауи мамандықтар, олардың ерекшеліктері, қойылатын талаптары және болашақтағы мүмкіндіктері жөнінде мәлімет берілді. Сонымен қатар мамандық таңдауда жауапкершілік пен саналы шешім қабылдаудың рөлі түсіндірілді. Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісіп, сұрақтар қойды.