№44 ЖОББМГ-де 2025 оқу жылының қыркүйек айында 11-сынып оқушыларына жүргізілген кәсіптік бағдар беру жұмыстары туралы » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №44 ЖОББМГ-де 2025 оқу жылының қыркүйек айында 11-сынып оқушыларына жүргізілген кәсіптік бағдар беру жұмыстары туралы
16
қыркүйек
2025

№44 ЖОББМГ-де 2025 оқу жылының қыркүйек айында 11-сынып оқушыларына жүргізілген кәсіптік бағдар беру жұмыстары туралы

2025 оқу жылының қыркүйек айында №44 ЖОББМГ-дің 11-сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмысты мектептің кәсіптік бағдар беруші педагогы Жанақбаева А.Б. ұйымдастырып, оқушылардың болашақ мамандықты саналы әрі жауапкершілікпен таңдауына бағытталған ақпараттық-таныстыру шараларын өткізді.

Кәсіби бағдар беру барысында оқушыларға мамандықтар әлемі, еңбек нарығындағы қазіргі таңдағы сұраныс, болашақта өзекті болатын кәсіби бағыттар, жоғары және орта кәсіптік оқу орындары жөнінде толық ақпарат берілді. Сонымен қатар оқушылармен жеке және топтық кеңесулер өткізіліп, олардың қойған сұрақтарына жауап берілді.

Оқушылардың қабілеттерін, қызығушылықтарын және кәсіби бейімділіктерін анықтау мақсатында арнайы психологиялық-диагностикалық сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижелері әр оқушының жеке кәсіби бағытын айқындауда маңызды рөл атқарып, алдағы кезеңде жеке кеңес беру мен кәсіби бағыттау жұмыстарында қолданылатын болады.