17
сәуір
2026
17 сәуір күні №44 ЖОББМГ-нің 9 «Г» және 9 «Д» сынып оқушылары кәсіптік бағдар беру мақсатында №9 Меркен колледжіне экскурсияға барғаны туралы
9 «Г» және 9 «Д» оқушыларын сынып жетекшілері Л.Н.Кииер мен Званарева М.Н. кәсіптік бағдар беру мақсатында №9 Меркен колледжіне экскурсияға барып қайтты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға кәсіби бағдар беру, олардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына ықпал ету.
Экскурсия барысында білім алушылар колледждің оқу үдерісімен, түрлі мамандықтарымен, заманауи материалдық-техникалық базасымен, оқу кабинеттерімен және шеберханаларымен танысты. Сонымен қатар, колледж оқытушылары тарапынан мамандықтардың ерекшеліктері, оқуға түсу шарттары мен болашақтағы жұмыс мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Оқушылар экскурсия барысында өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Бұл кездесу олардың кәсіби қызығушылықтарын арттырып, еңбекке деген көзқарастарын қалыптастыруға оң әсерін тигізді.
Аталған іс-шара оқушылардың болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауына, өз қабілеттерін анықтауға және еңбекқорлық пен жауапкершілік қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.