№44 жалпы орта білім беретін мектебінде Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінен оқытушылар – Ұлтай Тілегеновна, Рабиға Берекеова және басқа да мамандар келіп, білім алушыларға кездесу өткізгендері туралы
Кездесудің негізгі мақсаты – оқушыларға университеттің оқу бағыттары, мамандықтары, қабылдау талаптары және оқу бағдарламалары туралы толық ақпарат беру, болашақ мамандық таңдау кезінде кәсіби бағдар беру және білім алушылардың тұлғалық дамуына үлес қосу болды.
Кездесу барысында университет оқытушылары оқу орнының мамандықтары, оқу мерзімі, оқу үдерісінің ерекшеліктері және гранттық оқу мүмкіндіктері жөнінде мәлімет берді. Сонымен қатар, оқушыларға кәсіби бағдар, мақсатқа жету жолдары, оқу сапасының маңызы және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы кеңестер берілді.
Білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі толық жауаптар алды. Кездесу оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға және алдағы оқу жолын саналы түрде таңдауға оң ықпал етті.