№44 жалпы орта білім беретін мектебінде ҚР Шекара академиясынан әскери мамандар келіп, 11 сынып ұл балаларымен кездесу өткізгені туралы » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №44 жалпы орта білім беретін мектебінде ҚР Шекара академиясынан әскери мамандар келіп, 11 сынып ұл балаларымен кездесу өткізгені туралы
20
қаңтар
2026

№44 жалпы орта білім беретін мектебінде ҚР Шекара академиясынан әскери мамандар келіп, 11 сынып ұл балаларымен кездесу өткізгені туралы

Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдерге әскери қызмет пен шекара күзеті саласындағы мамандықтар туралы ақпарат беру, патриоттық сезімді қалыптастыру және болашақта әскери қызметке деген қызығушылықты арттыру болды.

Кездесу барысында әскери мамандар оқушыларға оқу орындарына қабылдау талаптары, әскери дайындық, оқу мерзімі мен оқу бағдарламасының ерекшеліктері туралы толық мәлімет берді. Сонымен қатар, әскери қызметтің жауапкершілігі, ерлікті талап ететін міндеттері және кәсіби даму жолдары жөнінде кеңестер берді.

Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі толық жауаптар алды. Кездесу патриоттық тәрбие беру, әскери мамандыққа қызығушылық тудыру және жас ұрпақтың болашақ кәсіби бағдарын айқындау тұрғысынан маңызды болды.