№44 жалпы орта білім беретін мектебінде №9 Меркі колледжінің оқу ісі жөніндегі аға оқытушылары білім алушылармен кездесу өткізіп, кәсіптік бағдар беру бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргені туралы » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №44 жалпы орта білім беретін мектебінде №9 Меркі колледжінің оқу ісі жөніндегі аға оқытушылары білім алушылармен кездесу өткізіп, кәсіптік бағдар беру бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргені туралы
16
ақпан
2026

№44 жалпы орта білім беретін мектебінде №9 Меркі колледжінің оқу ісі жөніндегі аға оқытушылары білім алушылармен кездесу өткізіп, кәсіптік бағдар беру бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргені туралы

№44 жалпы орта білім беретін мектебінде №9 Меркі колледжінің оқу ісі жөніндегі аға оқытушылары білім алушылармен кездесу өткізіп, кәсіптік бағдар беру бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесудің мақсаты – мектеп түлектеріне техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары туралы кеңінен ақпарат беру, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар көрсету және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру болды.

Іс-шара барысында колледждің оқытушы мамандары оқу орнының мамандықтары, білім беру бағыттары, қабылдау талаптары, оқу мерзімі мен оқу үдерісінің ерекшеліктері туралы толық мәлімет берді. Сонымен қатар, грант негізінде оқу мүмкіндіктері, өндірістік тәжірибеден өту тәртібі және түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіштері жөнінде ақпарат ұсынылды.