17
ақпан
2023
Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша Меркі ауданы №9 көпсалалы колледжінде кездесу күні ұйымдастырылды.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша Меркі ауданы №9 көпсалалы колледжінде кездесу күні ұйымдастырылды. Кездесу күніне 9 сынып білім алушылары қамтылды.
Мақсаты:
Мамандық әлемінен ақпарат беру.
Мамандық таңдауда оқушыларға бағыт – бағдар жасау.
Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлерімен таныстыру.
Кездесу барысында әр түрлі мамандықтармен таныстырылды. Колледж түлектерінің жетістіктері туралы слайдтар, презентация мен бейнероликтер көрсетіліп, оқу орнына түсү үшін қойылатын талаптар мен оқудағы жеңілдіктер, түлектерді еңбекке орналастыру тәртіптерімен толық таныстырып өтті.Кездесу өте жоғарғы деңгейде өткізілді.
