24
желтоқсан
2021
Мен таңдаған мамандық
22-жолтоқсан күні 11 сынып оқушыларымен «Мен таңдаған мамандық» атты тақырыпта мектебіміздің тәжірибелі мұғалімдерімен кездесіу өтті. Оқушылардың көпшілігі мұғалім мамандығын таңдауда.
Кездесу барысында мұғалімге арналған монолог айтылды. Мамандық түрлерін іс-қимылмен көрсету арқылы жасырылған маман иесін таба білді. Ұстаз мамандығының жолы мен қыр-сырын бейнежазба арқылы көрсетілді. Сонымен қатар ұстазға арналған «Ұстазым» әні орындалды.
Қонақтарымызға оқушыларымыздың толғандырып, білгісі келіп жүрген сұрақтары қойылып әңгіме, сұхбат жүргізілді. Мұғалімдер түлектерге өздерінің ізгі тілектерін білдірді.
«Мен таңдаған мамандық» атты кездесу кешіне келіп маңызды ой-пікірлерімен бөліскен қонақтарға алғыс білдірді.