«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткізілген іс-шаралар » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткізілген іс-шаралар
24
қараша
2017

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткізілген іс-шаралар

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында  «Үш тілді –білу заман талабы» тақырыбына бастауыш сынып оқушылары арасында әдеби-музыкалық композиция өткізілді.Іс-шараға мектептің кітапхана қызметкерлері, ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысты. Шара барысында оқушылар тіл туралы мәліметтермен танысты, ана тілінде, орыс, ағылшын тілдерінде өлеңдер оқыды. «Қазақстан» туралы ағылшын тіліндегі бейнефильмді тамашалады.

Қыркүйек айында «Тіл –халық рухы» тақырыбында 6 а сынып жетекшісі С. Құлжанова ауданның белгілі журналисті С. Құралбаймен  кездесуді

 

5 қазан күні 7 б сынып жетекшісі Ж. Мырзахметова «Ұстаз ұлағатты есім» тақырыбында ардагер ұстаз М. Батиевамен кездесуді аудандық тарихи өлкетану мұражай қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырды. Оқушылардың  40 жылдық еңбек жолымен танысып, өз кезегінде оқушылар өлең жолдарымен, ән-билерін шашу етті.  Іс-шара туралы мақала аудандық «Меркі ақиқат» газетінің  18 қазандағы №85-86 нөмерінде жарық көрді.

 9 қазан күні «Менің өлкемнің атақты ақын-жазушылары» тақыбына  жергілікті  сазгер Ш. Омаралиев пен ақын М. Әбжановамен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушылар Ш. Омаралиев пен М. Абжанованың өмір жолымен, шығармашылығымен танысты, әндерін орындап, өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Іс-шараға аудандық «Меркі ақиқат» газетінің тілшісі шақырылған, газеттің 25 қазандағы №87-88 номерінде жарық көрді. 

8 «в» сыныбында «Латын әліпбиіне көшу- ХХІ ғасырдағы білім мен ғылымның негізі» тақырыбына өткен сынып сағатында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының бағыттары мен міндеттерін қарастыра отырып, латын әліпбиіне көшудің өзектілігі туралы мәселелерді қарады. Оқушылар топпен жұмыс жасап, өз пікірлерін постер қорғау арқылы жеткізді.

 

19 қазанда 7-8 сынып оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен «Қызым-қызғалдағым, ұлым-ізгі арманым» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында отбасының құндылықтары, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер, қыз бала тәрбиесіндегі ананың, ұл бала тәрбиесіндегі әкенің ролі туралы пікір алмасты.

 27 қазан күні «Қазақстанның болашағы жастардың қолында» тақырыбында 9-10 сынып оқушылары аудандық мәслихат депутаты, кәсіпкер Н. Е. Сейсенбаевпен кездесті. Кездесуде Нұрлан Еренсізұлы өзінің еңбек жолымен, жасап жатқан кәсібімен таныстырды. Уақыт талабына сай тез өзгере алуының құпиясымен таныстырды.Оқушыларға оқуда және болашақ кәсібін таңдауда мұқият болып, қиындықтарды мойымай жеңе білуге, табанды болуға шақырды. Мектебіміздің өнерлі оқушылары өздерінің жетістіктеріне қарай өнерлерін көрсетті. Іс-шара туралы мақала аудандық «Меркі тынысы» газетінің 8 қарашадағы, №91 номерінде жарық көрді.

31 қазан күні «Менің өлкемнің тарихы» тақырыбымен 5 сынып оқушылары еліміздің мәдени өмірінде мұражайдың алатын орнын, ой-өрістері мен танымын дамыту, туған өлке тарихын  білу мақсатында аудандық тарихи-өлкетану мұражайына саяхатқа барды.Оқушыларды 5 сынып жетекшілері М. Ақбозова,                   М. Мұстафаева, Э. Далиева апарды. Мұражайды экскурсовод Д.Б. Сахов аралатып, көрсетті. Оқушылар Меркі ауданының тарихымен, мұражайдағы жәдігерлермен танысты,  ел тарихының дамуына үлес қосқан меркілік ұлы тұлғалардың өмірінен мәліметтер алды.

  10 қараша күні 8 «а» және 8 «б» сыныптарында (сынып жетекшілері А. Жанақбаева, А. Қалқабаева) «Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі  » атты тақырыппен дөңгелек үстел өткізілді. Мәселені талқыламас бұрын  қазақ жазуында қолданып келген әліпбилер тарихы туралы Меркібай Әбілхайыр мәліметпен ой бөлісті.Ашық микрафон алаңында «Латын әліпбиіне көшудің себептері неде?», «Латын әліпбиіне көшудің қандай тиімді жақтары бар?» деген сұрақтарға Бағдаулетова Элдана, Болатбек Бауыржан, Горький Дильназ Ақылбек Ақназ ұтымды ойларымен бөлісті. Елбасының:- «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық орта­ның, ком­муникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасыр­дағы ғылы­ми және білім беру үрдісінің ерекше­лік­теріне байланысты», - деген сөзімен, латын әліпбиіне көшу – заман талабы екені айтылды.

 

8 «в» сыныбында (жетекшісі Л.Н. Киер) «Латын әліпбиіне көшу - ХХІ ғасырдағы білім мен ғылымның негізі» тақырыбына өткен сынып сағатында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының бағыттары мен міндеттерін қарастыра отырып, латын әліпбиіне көшудің өзектілігі туралы мәселелерді қарады. Оқушылар топпен жұмыс жасап, өз пікірлерін постер қорғау арқылы жеткізді.

17 қараша Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді балалар мен жасөспірімдерге насихаттау, сол арқылы оларды ұлттық патриотизмге тәрбиелеу, рухани жаңғыруды жүзеге асыру мақсатында №44 орта мектебінде 17 қараша күні 7-10 сынып оқушылары арасында «Рәміздерім - мақтанышым» атты интеллектуалдық - патриоттық байқау өткізілді.

Байқау 3 кезеңнен тұрды.

Бірінші кезең бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің орналасуы туралы оқушыларға тест тапсырмалары берілді.

Екінші кезеңде «Рәміздерім - мақтанышым» тақырыбында оқушылар 10 беттен тұратын слайд жасап келіп, өз жұмыстарын қорғады. Оқушыларға жұмысының мағлұматқа бай, терең мағыналы болуына мемлекеттік рәміздердің тарихы, әр элементі туралы терең ойларын, идеяларын, зерттеу нәтижелерін балаларға да қызықты болатындай етіп жеткізу керектігіне талап қойылды,

Үшінші кезеңде Рәміздер туралы ақын жазушылардың өлең жырлары мәнермен жатқа айтылды. Соның ішінде атап айтсақ 7 г сынып қатысушысы Азизов Эмильдің, 7 в сынып қатысушысы Құдайберген Даулеттің, 8 в сынып қатысушысы Бадалова Нарминаның өлең айту мәнері жақсы болды.

Әділ-қазылардың қорытындысы бойынша 8 в сынып оқушысы Бадалова Нармина –І орын, 9 б сынып оқушысы Ділдабек Назерке –ІІ орын, 8 а сынып оқушысы Бақдаулетова Елдана, 7 г сынып оқушысы Азизов Эмиль – ІІІ орынға ие болды. Байқау соңында оқушылар мақтау қағаздарымен, алғыс хаттармен марапатталды.

 

 

24 қараша күні 11 «б» сыныбында «Латын әліпбиіне көшу - заман талабы» тақырыбына өткізілген ток шоуда, латын әліпбиіне көшу проблемалары, қазақ тарихындағы әліпбилердің ауысуы, ағылшын тілінің өзектілігі туралы оқушылар мен мұғалімдер арасында пікір алмасу болды

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «100 жаңа есім» жобасы жүзеге асыру мақсатында «Туған елге тағзым» тақырыбында ауданымыздың белгілі азаматы6 дзюдо күресінен ардагерлер арасында әлем чемпионы Джарашуиев Нұрлан Ануарұлымен кездесу өтті. Ауданымыздың өсіп –өркендеуіне, ұлт аралық татулық пен бейбітшілікке және спорттың дамуына, күрес түрлерінің, оның ішінде қазақ күресінің дамуына үлес қосып жүрген азамат ретінде оқушылармен кездесіп, ой бөлісуге шақырылды. Кездесуге мектебіміздің әр түрлі спорт түрлерінен жарыстарға қатысып, орындарға ие болып жүрген жеңімпаз оқушылары мен дене тәрбиесі мұғалімдері қатысты.

Кездесу барысында Нұрлан Ануарұлының жарыстардағы жеңістері туралы видеоролик көрсетіліп, оқушылар тарапынан сұрақтар қойылды.

Кездесу соңында кешіміздің қонағы Джарашуев Нурлан Ануарұлы оқушыларға алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар екендігін, сол асулар мен қиындықтарды жеңу үшін білім, талап, талант керек екендігін айтты.