Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылдығы » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылдығы
01
ақпан
2017

Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылдығы

№44 орта мектебінде «Бірлік пен Жасампаздықтың 25 жылы» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасы бойынша іс-шаралар жоспарын жасап, бекітілді.

Мектеп  дәлізі мен кітапханада  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына  «Жаса, жайна Тәуелсіз ел-Қазақстаным!» тақырыбында   тақта  жасалынып, кітапханада көрмелер ұйымдастырылды.  Көрмеге  Тәуелсіз Қазақстанның    бел-белестері,  бүгінгі жетістіктері мен жарқын болашағы  туралы деректермен құнды кітаптар қойылды.

Барлық сыныптарда қабырға газеттері жасалынып ілінді.

Жоспар бойынша қыркүйек айында  «Мерейлі отбасы» отбасы күніне арналған сынып сағаттары мен кездесулер ұйымдастырылып өтті.

  «Қажырлы еңбек табыстарға жетелейді» тақырыбында ұстаздар күніне                              9 а,б сынып  жетекшілері А. Сейтжапарова мен Л.Мырсейтованың ұйымдастыруымен «Ұстаз - саған мың алғыс!»  тақырыбында ардагер ұстаздармен кездесуге арналған сынып сағатында ұстаздардың еңбегі, олардың өлшеусіз білім беруі туралы айтылып, «Ұстаз бен шәкірт сабақтастығы» тақырыбында бейнебаян көрсетіліп, өз ойларын айтып толықтырды. 

    Қазан айында «Мәдени мұра-мәңгілік мұра» тақырыбының аясында                             7 а сыныбында (сынып жетекшісі А.Жанақбаева) «Қазақстан мұражайлары» атты  тәрбие сағатын өтті. Сабақ әңгіме түрінде өткізілді.Сабақтың барысында оқушылар Қазақстан бойында қанша мұражай бар екендігін бағдарланып отырды. Және мұражайдың кәзіргі таңда қанша түрі бар екендігін сұрап жауаптармен толықтырылып отырса, 5-6 сыныптар күзгі демалыс кезінде ата-баба мен келешек ұрпақтың арасындағы сабақтастықты  үзбей жалғастырып, ұлтымыздың тарихын насихаттау, ұлттың бірлігі мен қорғай білетін жастарды тәрбиелеу мақсатында  аудандық мұражайға саяхат жасады.                          

3-4 сынып оқушылары арасында «Менің елім-Тәуелсіз Қазақстан» атты шығарма байқауы өтті.  Байқаудың басты мақсаты оқушылар арасында  отаншылдық сезімін нығайту және тәуелсіздік құндылықтарын нығайту. Талапқа сай жазылған оқушылардың шығармалары үздік деп танылып,

І орын- 4 «б», 3 «а»  сынып оқушылары  Темірхан Әсел, Амангелді Нұрсәуле иеленсе , ІІ орынға3 «б», 4 «в» сынып оқушылары  Булат Нұртілеу мен Мұрат Сымбат ие болды. ІІІ орынға 4 «в» сынып оқушысы Жұмабай Аделя ие болды. Барлық  оқушылар салтанатты түрде мақтау қағаздарымен марапатталды.              

Дене шынықтыру пән мұғалімі Қ.Тарыбаев оқушылар арасында «Тәуелсіз елдің жас спортшылары» атты спорттық жарыстар ұйымдастырып, өткізді. Жарыс 19 қазан күні мектеп спорт залында өткізілді. Байқауға 5-6 сынып оқушылары арасында  6 баладан құралған команда қатысты. Жарыста әртүрлі кезеңдерден өтті, арқан тартыс, қол күрес, асық ату т.б ұлттық ойындардан тұрды. Байқау қорытындысы бойынша  І орынды-5 «б» сыныбы, ІІ орынды- 6 «а» сыныбы, ІІ орынды 5 «в» сыныбы иеленіп, мақатау қағаздарымен марапатталды. 

          10 сыныптар арасында ағылшын пәні мұғалімі Ж.Мырзахметова     «Трехязычие ключ будущего» тақырыбында полиглот байқауын өткізді. Байқау  әр түрлі кезеңдерден тұрды. Бұл байқауда 3 тілде қамтылып, Сұрақтар қойылып жауаптары үш тілде айтылып отырды.     

    География және биология пәні мұғалімдерінің ұйымдастырумен «Қазақстан тәуелсіздік жылындағы  индустиралық дамуы» атты тақырыпта конференция өтті. 9-11 сынып оқушылары қатысып, өздерінің дайындап келген  баяндамаларын оқыды. 9  сынып оқушылары «ЭКСПО-2017» көрмесі туралы баяндама оқысы, 10 «а» сынып оқушысы Б.Райымбекова көмір, мұнай, газ өнеркәсіп орындарын, 10 «в» сынып оқушысы А.Нариман Ветроэнергия туралы, 11 «в» сынып оқушысы А.Найзабекова «Развития фармацевтики в Казахстане» туралы т.б баяндамаларын оқып, дайындап келген презентацияларын қорғады. Көрермендер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оқушылар жауап беріп ойларын ортаға салды. Ауданымыз туралы қызықты  көптеген мәліметтер айтылды. 

Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің ұйымдастырумен«Үш тілді меңгеру- жарқын болашақтың кепілі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның басты мақсаты Елбасының «Үш тұғырлы тіл» саясатын оқушылардың санасына жеткізу. Туған тілін ғана емес, сонымен қатар өзге тілдерді оқу- өмір қажеттігі мен заман талабы екенін ұғындыру. Дөңгелек үстел барысында оқушыларға интерактивті тақтадан ұлы адамдардың тіл туралы айтқан қанатты сөздері, Қазақстан, үштілдіқ туралы бейнероликтері көрсетілді.

Орыс сыныптарында орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері Е. Полунина

«Литературный каламбур» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Оқушылар екі топқа«Девченки», «Небесные орлы» болыпбөлініп, әр түрлі тапсырмалар орындады

Кітапханашы Қ.Жасыбаеваның ұйымдастыруымен «Біз тәуелсіз елдің ұланымыз» тақырыбында мәнерлеп оқу жарысы өтті. Мәнерлеп оқуға 5-10 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған туған жер,Отан, Қазақстан туралы өлеңдерін оқыды. Байқау қорытындысы бойынша жас ерекшеліктерін ескере отырып, 5-6,7-8, 9-10 сыныптар арасында оқушыларға орындар берілді.

Л.Мырсейтова мен Э.Далиеваның ұйымдастырумен «Берік болсын туған елдің тұғыры, Нұрлы болсын , Тәуелсіздік ғұмыры» тақырыбында шығарма байқауын өткізді. Байқау қорытындысы бойынша 10 «а» сынып оқушысы Тоғанбай ҚұралайІ орынға, 10 «а» сынып оқушысы Райымбекова Бибісара -ІІ орынға, 9 «б» сынып оқушысы Болат Жібек- ІІІ орынға ие болды.

Қараша айында«Индустриялық және инновациялық Қазақстан» тақырыбында сынып сағаттары мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. 6 в сыныбында (сынып жетекшісі Е.Алмасбекова) «Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы индустриалық дамуы» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатының негізгі мақсатыөнеркәсіп орындарымен танысу, Меркімай-ірімшік зауыты, Мерке қант зауыттарын т.б білу. Сынып сағатында оқушылар өздері білетін өнеркәсіп ұйымдары туралы білетіндерін, көргендерін айтып өтті. Үйге берілген тапсырма бойынша Меркі май-ірімшік, қант, алкотағам туралы мәліметтерін оқыды. Сынып топқа бөлініп, Қазақстанның өнеркәсіп орындары туралы слайдпен бейнежазба көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын білім беру ұйымдарында өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2016 жылдың 9-10 қараша күндері білім беру мекемелерінде (1994 жылы 6 шілдеде Жоғары Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады) «Ғасыр көші» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттар шеруі ұйымдастырылып өткізілді. 6 «б» сыныбында (сынып жетекшісі Ж.Мырзахметова) «Ғасыр көші-Астана» тақырыбында сынып сағаты өтті. Оқушылар 3 топқа бөлініп, «Кеше», «Бүгін», «Ертең» топтарына бөлінді. Сынып сағатының соңында «Аман қалам Астана» әнімен аяқтады. Сынып сағаты өз деңгейінде өтті.

Математика пәні мұғалімдері Л.Нечаева мен Н.Зубоярованыңұйымдастырумен «Мирады открытий» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Байқау кезең бойынша өтті.«Приветствие» «Иследовательский тур» т.б .

Бастауыш қазақ сыныптарында «Тәуелсіз-Қазақ елі» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтті. Оқушылар тақпақтарын айтып, көріністер көрсетті.

5 в сыныбында (сынып жетекшісі Қ.Абдуллаева)«Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы» тақырыбында ашық сынып сағатын өткізді. Сынып сағатында шектесіп жатқан шекаралас елдер туралы, Қазақстаның экономикасы мен саясаты туралы айтып өтті.

«Мемлекеттік рәміздер ұлттық мақтаныш» атты сынып сағатын өттік. Сабақта оқушылар өзіміздің рәіміздерімізді қалай құрметтеп ,оларды әрдайым биік ұстау керек екендігін толық түсініп ,тақпақтарын айтып шығармашылық жұмыстар орындап сабағымыз қызықты болып өтті.Сабағымызды Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арнап өттік.

 

Үш топ «Елтаңба» «Гимн» «Ту» постер арқылы өз аттарын қорғап шықты.Сабақта белсене қатысқан оқушылар Камишбай Аружан, Мұрат Сымбат, Елюбай Фариза, Дүйсебай Айбек, Зунов Диас. Барлық оқушы өздеріне берілген тапсырманы орындауға тырысып ,сабаққа қатысып отырды.

4 «д» сыныбында сынып жетекшісі Т.Бондаренко «Национальная валюта» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Топқа бөлініп отырды. Мұғалім

ұлттық валюталар туралы түсінік берді.

 

 

 

Л.Киер «Незовисмость Казахстана- это чаяние предков и реальновсть потомков» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

«Ғылым мен жаңа техгологиялар» тақырыбында конференция А.Абиш пен Г.Медетованың жауапкершілігімен өтті.

Құқық пәнінің мұғалімі М.Мұстафаева «Азаматтық қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

«Бірегейлік пен бірліқ» тақырыбында 3 б ,3 г сыныптарында( сынып жетекшілері Ғ.Исмаилова мен М.Забиова) «Под единым шаныраком», «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты сынып сағаттары өттан» атты сынып сағаттары өтті.

 

8 «а» сыныпбында сынып жетекшісі (Көрпешова Н) «Ядролық қарусыз әлем» атты конференция өтті. Конференцияда көрініс көрсетіліп, Семей полигонының КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, стартегиялық объектісі болғанын көрсетті. Конференцияға оқушылар біріңғай атсалысып отырды. Соынмен қатар Семей ядролықполигонының жабылғанына да 25 жыл толып отырғанын хабарлап кетті.

«Сен еліміздің Ата Заңы-Конституция туралы білесің бе?» атты Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 7 «б» сыныбында (сынып жетекшісі А.Қалқабаева) сынып сағаты өтті. Қазақстан Республикасының Конституциясының шығу тарихымен тұңғыш Конституциясы қашан қабылданғаны туралы мәлімет берілді.

 

 

 

1 желтоқсан Тұңғыш президент күніне «Қазақстан Республикасының Президенті Институты» тақырыбында сынып сағаттары өтті.

« Еңбегімен ерекшеленген Елбасы, Елімен етене Елбасы» атты тәрбие сағатында желтоқсан тұңғыш президент күніне арнап өттік. сабақта жалпы Елбасының балалық шағы ,өмір жолымен танысып, 1-желтоқсан тұңғыш Президенті күні екенін білді.

 

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу;

Оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру.

Оқушыларелбасы туралы білетіндерін айтып өтті. Содан кейін өмірбаяны, ата-анасы, ерте еңбекке араласқаны, саяси өмірі, ғылыми атақтары туралы слайдтан көрсетіліп түсіндірілді. Үйге берілген тапсырма бойынша дайындалып келген оқушылар өз мәліметтерін ортаға бөлісті. Отбасы, оқығаны, жұмысы туралы баяндады. Сонымен бірге елбасына арналған кинодан көргендерін айтып өтті. Соңынан қорыту мақсатында 3- топ постерге жазып қорғады.

 

«Отбасы құндылықтары» тақырыбында 5 б, 7 а сыныбында (сынып жетекшілері Р. Сатова, А.Жанақбаева ) сынып сағаты өтті.

 

Мәңгілік Ел «Тәуелсіздік ел тірегі білімді ұрпақ» атты ашық сынып сағатын өттік, 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне, еліміздің 25 жылдық мерекемізге арнап сынып сағатын өттік.

4 г сыныбында (сынып жетекшісі Леонтьева О.Н) «Здоровое поколение-будущее нации» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатының басты мақсатын салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру. Оқушылар топқа бөлініп, тапсырмалар берілді. оқушылар белсенді қатысып отырды.

3 д сыныбында (сынып жетекшісі Е.Хамирова) «Спорттық жетістіктер» тақырыбында сынып сағаты өтті. Қазақстан Республиксының олимпиадада жеңімпаз атанып жүрген қазақ спортшылары туралы мәлімет берілді. Олар өз топтарының есімдеріне сай топтарын қорғап,қарсылас топпен пікірталас жүргізді.

11 «Б» сыныптарды өткізілген «Тәуелсіздік тірегі-білімді ұрпақ» атты тәрбие сағаты өтті. Оқушылар екі топқабөлініп, «Білім», «Байлық» тобы болды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мектебімізде желтоқсан айының 15 жұлдызында «Мәңгілік Елдің-Мәңгілік Құндылықтары» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Басты мақсаты-еліміздің ширек ғасырда жеткен жетістіктері мен алған асуларын өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіру, бүгіні мен ертеңіне сенімін арттыру. Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгерщілік құндылықтарын дамыту. Туған жерін, Отанын, елін сүйетін патриот болып өсуіне үлес қосу.

Іс-шарада оқушылар Тәуелсіздік туралы жыр шумақтарын оқып, ән, бимен жалғасын тапты, тәуелсіздік шежіресінен сыр шертті.Тарих пәнінің мұғалімі Сатова Р. тәуелсіздік-ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі екенін тілге тиек етіп, «Тәуелсіздік-тәу етер бақыт» тақырыбында мазмұнды баяндама оқыды. Сонымен қатар 1991 жылы дүние есігінашқан бастауыш сынып пәнінің мұғалімі Абашева С.С. теуелсіздіктің төл құрдасы ретінде кездесуге шақырылды. С.С.Абашева еліміздің жеткен жетістіктерін мақтанышпен айта отырып, өзінің жүрекжарды құттықтау сөзін үш тілде жеткізді. Мерекелік іс-шара оқушылардың бойында еліне деген мақтаныш мен патриоттық сезімінің артуына үлес қосты, елінің гүлденуі үшін үлес қосатын азаматтардың бойында қайсарлық, жігерлік рухын ұялататын тәрбиесі мол іс-шара ретінде танылды.