№44 жалпы орта білім беретін мектебінде жоғары оқу орындарынан келген оқытушылар білім алушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында ақпараттық кездесу өткізгені туралы » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №44 жалпы орта білім беретін мектебінде жоғары оқу орындарынан келген оқытушылар білім алушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында ақпараттық кездесу өткізгені туралы
20
сәуір
2026

№44 жалпы орта білім беретін мектебінде жоғары оқу орындарынан келген оқытушылар білім алушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында ақпараттық кездесу өткізгені туралы

2026 жылғы 20 сәуір күні мектеп базасында кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында жоғары және орта арнаулы оқу орындарының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға «Интердент» жоғары медициналық колледжі мен Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің (AHEU) өкілдері қатысып, мектеп оқушыларына өз оқу орындары туралы толық әрі мазмұнды ақпарат берді.

Кездесу барысында оқу орындарының білім беру бағдарламалары, оқуға қабылдау талаптары мен шарттары, ұсынылатын мамандықтар, оқу процесінің ерекшеліктері және түлектерге ұсынылатын болашақ мүмкіндіктер жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, оқу ақысы, грант мүмкіндіктері, тәжірибеден өту шарттары мен жұмысқа орналасу перспективалары туралы маңызды мәліметтер ұсынылды.

Іс-шара барысында білім алушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Оларға мамандар тарапынан нақты, түсінікті және толық жауаптар берілді. Бұл кездесу оқушылардың болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауына, кәсіби бағдарын айқындауына және жоғары оқу орындары туралы түсініктерін кеңейтуге оң әсерін тигізді.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға дұрыс мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру, олардың кәсіби қызығушылықтарын арттыру және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпараттандыру болып табылады.

Осындай кездесулер білім алушылардың өз болашағына жауапкершілікпен қарауына ықпал етіп, олардың жеке қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес мамандық таңдауға көмектеседі.


Похожие публикации: