Нақты мақсат-жарқын болашақ » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
қараша
2017

Нақты мақсат-жарқын болашақ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Таяу жылдардағы міндеттер» бөлімінде жергілікті билік «Туған жер» бағ­дар­ла­масын жинақылықпен және жүйелі­лікпен қолға алуға тиіс дейді. Әрине,  халқына, еліне адал қызмет етіп жүрген азаматтар бүгінде баршылық. Ал мектеп қабырғасында отырған жасөспірімдердің көпшілігі  табысты болғысы келеді.Табысқа жетелейтін баспалдақтың сырын ашқысы келеді.

Осы орайда, жуырда кәсіптік бағдар беруді көздеген  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.К.Даулетова мен мектеп тәлімгері  З.Серикованың ұйымдастыруымен 9-11 сыныптардың қатысуымен мектебімізде «Қазақстанның болашағы жастардың қолында» тақырыбында аудандық мәслихат депутатымен кездесу  кеші  ұйымдастырылды. Кездесудің  мақсаты:  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау, оқушыларға   кәсіптік бағыт-бағдар беру, кәсіпкерлік туралы көкжиегін кеңейтіп, ой- өрісін арттыру, болашақта ертеңіне сенімді  азамат болуға тәрбиелеу болды. Аталған іс-шараның құрметті қонағы болып  өңірден шыққан кәсіпкер, бүгінде аудандық маслихаттың депутаты Сейсенбаев Нұрлан Еренсізұлы келді. 

Кездесуде мектебіміздің мақтаныштары жыр шумақтарын оқып, ән айтты. Оқушылардың өнерлеріне тамсанған олшәкірттерімізге болашақта «үлкен үміт күттіретін оқушыларсыңдар» деген баға берді. Нұрлан Еренсізұлы өз өмір жолында өмірдің талай соқпағына төзіп, көптеген қиындықтарды бағындыра білген жан. Ол өз сөзінде мемлекет кәсіпкерлердің арқасында, ал кәсіпкерлер өз мемлекетінің қолдауының арқасында өрге басатынын тілге тиек етті.  Жеке кәсіпкер өз кәсібін өрге қалай домалатқанын,  қалай дамытқанын,  қандай қиыншылықтарға кезіккендері туралы айтып, балаларды табанды еңбекке шақырды.Алғашында кез-келген бизнес адамның батылдығын талап ететінін атап өтті.Онымен қатар,адамның бойында сенімділік болса, алдыңнан шыққан қияндықтарға төтеп бере алатындығын айтты. Өзінің өмір жолында ең бірінші ұстаз болғандығын, ұстаз бола жүріп, бірнеше жұмыс істегендігінетоқталды.Ол бүгінгі таңда Меркі ауданының құрметті азаматы, аудандық мәслихат депутаты қызметін атқаруда. Мұның барлығы жаңалықты жатсынбай қабылдағаны және табанды еңбектің арқасы. Сондықтан болашақта іскер болатын шәкірттермізге  өмірде тәуекелдерге бел буа білуге кеңес берді.Ол оқушыларға шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру мәселелеріне қатысты маңызды кеңестер беріп, өзінің тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ оқушылардың сауалдарына жауап берді. Оқушылардың басым бөлігін қызықтырған «Қалай табысты кәсіпкер болуға болады?», - деген сауал болды. Бұл сұраққа Нұрлан Еренсізұлы кез келген кәсіпкердің бойында адалдық, бастаған істе табандылық таныту және нәтижесі үшін жауапкершілікті ала білу сынды қасиеттер аса маңызды екенін айтып өтті.

Елбасымыз өзінің мақаласында: «Технологиялық революцияның беталы­­сына қарасақ, таяу онжылдық уақыт­та қазір­гі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді... Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағ­дайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгер­туге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді» деп айтқан. Осыған орай, қонағымыз кеш соңында оқушыларғаоқуда және болашақ кәсібін таңдауда мұқият болып, қиындықтарды мойымай жеңе білуе, төзімді болуға шақырды. Кездесуден оқушылар керемет әсер алып, алдағы мақсаттары нақтылана түсті.

 

 


 


Меркі ауданы  №44 ом

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мырсеитова Л.Е.