Адамгершілік-рухани, отбасылық тәрбиені насихаттау » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » » Адамгершілік-рухани, отбасылық тәрбиені насихаттау
01
ақпан
2017

Адамгершілік-рухани, отбасылық тәрбиені насихаттау

№ 44 орта мектебінде адамгершілік-рухани, отбасылық тәрбиені насихаттау және кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары  бойынша айтулы іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.  

Арнайы жоспар құрылып, жауапты мұғалімдер бекітіліп, жұмыстар жүргізілді. Атап атқанда,  бала тәрбиесі, отбасы және адамгершілік кұндылықтарын ата-аналардың арасында кең көлемінде насихаттау іс-шаралар жүргізілуде.

Қыркүйек айында: Мектебімізде өзін-өзі басқаруға негізделген  «Әкелер кеңесі», «Аналар мектебі», «Қыздар клубы» «Полицияның жас көмекшілері» құрылып, жұмыстар ұйымдастырылды. Мектепте құрылған «Ақсақалдар кеңесінің» отырыстары өткізіліп,  «Мектеп оқушылардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында  әңгіме-сұхбат, «Үлгілі әке және мен» атты әкелер мен ұлдары арасында, нашақорлыққа, ішімдікке қарсы оқушылармен тәрбие іс-шаралары ұйымдастырылып өткізілуде.

Қараша айында:

1). Мектебімізде қыз  балалармен «Қыз тәрбиесі- қоғам тәрбиесі» тақырыптарында дөңгелек  үстел мектеп инспекторы Д.Е.Боранбаева мен  директордың құқықтық тәрбие жөніңдегі орынбасары   жүргізді. Қыз бала тәрбиесі туралы,қыз абыройы-отбасының, елдің болашағы,босағаның беріктігі туралы, Домалақ ана, Қараша ана, Қызай ана, Айғаным, Зере, Ұлжан секілді көптеген бір қолымен бесік,бір қолымен әлемді тербетіп, еліне тұтқа боларлық ұл-қыз өсіріп келген ананың ұрпақтары екенін, жаман әдеттен аулақ болуға, инабаттылыққа шақырылды.

2). Оқушылар бойында салауатты өмір салтын, адамгершілік-жыныстық тәрбиені, ұлттық және отбасы тәрбиесін қалыптастыру, ұятты, намысшыл болуға тәрбиелеу мақсатында «Ерте жыныстық қатынас және мезгілсіз жүкті болудан сақтан» тақырыбында 8-10 сынып қыздарымен ЖДО-ң дәрігерлері Меңдібаева.Г.Б, Адешова.Х.Ж қатысуымен кездесу барысында әңгіме жүргізілді, «Гигиена-денсаулық кепілі» тақырыбында 8-10 сынып қыздарына дәріс оқылды.  

«Отбасы – ұлы мектеп табалдырығы» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында мектеп медбикесі С.Байбулатова, 10-сынып жетекшісі Абильдаева.Б  «Қызым-үйде, қылығы түзде» атты дәріс  оқыса, оқушылар мен ата-аналар отбасындағы ұл мен қыз тәрбиесі бойынша өз ойларымен бөлісті.

 «Бақытты отбасы» тақырыптарына отбасылық сайыстарының фотоконкурс ұйымдастырылды. Отбасылық сайыста аналары мен қыздары  қатысты.

Бұл сайыс ата-ана мен балалар  арасындағы байланыстың одан сайын ыстық болуына, мейірімділік пен әдептіліктің ата - аналар арасындағы сауатын ашуда себеп болды және отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында өткізілді.  Мектеп оқушылары арасында тәрбиенің этикалық міндеттері, бүгінгі таңдағы жасөспірімдер арасында адамгершілік- рухани тәрбие, гигиеналық тәрбие мен жыныстық тәрбие бойынша; «Сыйласаң сый көресің», «Адамгершілік-әдептілік белгісі», тақырыбында сынып сағаттар, әңгімелесулер өткізілді. Жасөспірім қыздардың жетіліуіндегі жыныстық өзгерістер, қыз балалардың гигиенасы және т.б. мазалайтын мәселелер  туралы «Жастар денсаулығы» орталығының гинеколог дәрігер Г.Мендібаева және М.Мавлюдова қыздармен әңгімелер жүргізіп,  кеңестер берді.

Желтоқсан айында: 9 -сынып жетекшісі Мырсейтова.Лаура  «Рухани  адамгершлік тәрбиесі туралы даналар сөзі» тақырыбына  дөңгелек үстелі өтті.  Руханилыққа апаратын жолдың бірі-білім алу және сол білімді пайдаға асыру. Руханилыққа жеткізер екінші сатыда - адам алған білімінің құндылығына сүйене отырып, өз ортасын өзгертуге әрекет жасайды. Абайдың адамгершілік идеалы, мұраты, принципі - қысқаша ғана «Адам бол!» деген формула, тұжырым. Адам болу - кісілікті кісі, шын мәнісінде азамат болу, қара бастың қамы емес, елінің қамын, халқының қамын, тіпті, бүкіл адамзаттың қамын ойлайтын, «өзін-өзі зор тұтып», «надандарды менсінбейтін», дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын Азамат, Адам болуға шақырған  ұстаздың бұл дөңгелек үстелі өте тәрбиелік мағынасы терең сабақ болды.

Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық және сексуалдық сипаттағы әрекеттердің алдын алу және болдырмау мақсатында мектептің сыртында, І,ІІ қабаттардың дәлізінде және оқу бөлмелерінде бейне бақылау орнатылып, мектеп әкімшілігімен қатаң бақылауға алынған. Әлеуметтік педагог А.Шашубаева және мектеп психолог Г.Абильдаева оқушылармен, олардың ата-аналарымен, мұғалімдермен  жасырын педафилдерді, сексуалдык қылмыстарды  анықтау үшін жасырын психологиялық, әлеуметтік сауалнамалар, тестер жүргізді. Өткізілген жұмыстарының қорытындысы бойынша аталған фактілер анықталған жоқ.

Бүгінгі таңда үлкендерге балалардың ынтасы мен назарын өзіне аударуға қол жеткізу оңайға түспейді. Баланың рухани-адамгершілік тағылымына кері әсер етуші факторлар: соғыс ойыншықтары, жат қылықтары бар фильмдер, бейне таспалар және компьютерлік ойындар бар. Сондықтан мектептен тыс кездегі сабақтарды ұйымдастыруда тапқырлық таныту қажет. Балаларға спорт, табиғатқа серуен, мектептен тыс кездесулер кезіндегі пікірталас, әсерлі әңгімелер, мұражайға, концертке бару, осының бәрі рухани адамгершілік тәрбие. Олар баланың шығармашылығын оятып, жан дүниесімен сезетін тамаша ойларға жетелейді. Ал одан тек жағымды қасиеттер туындайтыны белгілі.

 Баланың адамгершілігін, рухани жан дүниесін оятып, дүниетанымын төмендегеше іріктеп алуға болады.

 

 

Адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени -ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз

Ұсыныс: 1.Сынып сағаттарын өткізу барысында рухани-адамгершілік

                 құндылықтары насихатталып отырсын, арнайы сынып сағаттары

                 ұйымдастырылсын.