Мамандықтар шеруі » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
қазан
2021

Мамандықтар шеруі

2021 жылдың 15 қазан  күні  №44 жалпы  білім беретін мектебінде  кәсіби бағдар  беру бағытындағы апталықтың аясында  9-11 сынып оқушыларымен «Мамандықтар шеруі» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге «Сергелбекова» жеке кәсіпорын иесі, тігінші Сергелбекова Сабыркүл Асылбековна,  Алматы қаласындағы «Делпапа» ресторанының пицер аспазы Әлихан Мақсат Қасымжанұлы, №44 ЖББМ-інің орыс тілі және орыс әдебиеті пәні  мұғалімі Манкева Асия Суюмбековна   шақырылды. Кездесуге мектептің директоры Н.А. Конкабаев, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.К. Даулетова және 9-11 сынып жетекшілері қатысты. Бүгінгі таңда әрбір оқушының жеке қабілеттері мен ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін шеберлігін, қызығушылығын ескеріп бағыт-бағдар беру, жекелеген мамандықтар туралы терең білім беру біздің басты міндетіміз. Әрбір оқушының жеке-жеке қабілетін, бейімділігін анықтап бағыт беріп отыру, мамандықты дұрыс таңдауға жол сілтеу – үлкен мәселе.
Мектепте бастауыш сыныптардан бастап баланың бейімін анықтау үшін түрлі анкеталар, сауалнамалар, тесттер алынып, диагностикалық картамен жұмыстар жасалды.
Кездесу барысында тігінші Сабыркүл Асылбековна өзің кәсібін қалай бастағаны, Тараз қаласында «Ауылым алтын бесігім» тақырыбында өткен көрмеден жүлдеге тігін машинасын алғаны туралы бөлісіп, өзімен ала келген бұйымдарын көрсетті. Мата қиындыларынан тігілген бұйымдары экологиялық таза, заттың екінші өнімі ретінде де пайда түсіретінін айты. Пицер аспаз  Мақсат Қасымханұлы аспаздық мамандықтың та түрлі саласы болатындығы, шеберлікке жету жолы туралы әсерлі әңгімелеп, кездесу соңында жеңіл салаттың жасалуы бойынша мастер класс көрсетілді. 
Кездесуге келген қонақтар оқушылар сұрақтарына жауап берді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.К. Даулетова