15
қараша
2021
«Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана шәкірт жанына нұр құя алады»
«Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана шәкірт жанына нұр құя алады»
А.Байтұрсынов.
Еліміздегі білім беру жүйесін реформалау нәтижесінде айқындалған жаңа бағыттар болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беруде оларды қоғамның жаңа жағдайында өмір сүруге дайындайтын нақтылы бір оқыту құралдарын табу мәселелерін көздейді.
Бұл қадамдар білім беру мазмұнын, оқытудың әдістері мен тәсілдерін қолданудың жаңа жүйесін құруды ұсынады.
Қазіргі мектептің басты мақсаты – әр оқушының қабілетін ашу, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны өмірге дайындау, заманауи білім, дағдылар мен қасиеттерді дамыту. Дәстүрлі репродуктивті оқыту бұл міндеттерді шеше алмайды. Оларды шешу үшін жаңа педагогикалық технологиялар, оқу процесін ұйымдастырудың тиімді формалары мен белсенді әдістері қажет.
Белсенді әдістерді қолдану арқылы мұғалім оқушыны ойлануға, практикалық іс-әрекет дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасайды.
Осы орайда 2021 жылдың 1-қазан күні №44 жалпы орта білім беретін мектебінде «Оқыту үрдісінде белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану» тақырыбында мектепішілік әдістемелік оқыту семинары өткізілді.
Семинардың мақсаты:
-белсенді оқу мен оқытудағы әдіс-тәсілдерді мазмұнын жүзеге асыру қарсаңында мұғалімдердің үздіксіз кәсіби өсуіне қолдау көрсету;
- жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдермен таныстыра отырып тәжірибе алмасу болды.
Семинар барысында мұғалімдер оқу үдерісіне оқытудың интерактивті әдістерін енгізу бойынша одан әрі жұмыс істеу үшін бағыт пен қолдау алды. Оқушылардың шығармашылық және коммуникативтік дағдыларын дамыту бойынша тәжірибе алмасты.
Әдістемелік семинарда шығармашылық ізденістерімен ерекшеленген мұғалімдер «Алғыс хатпен» марапатталды.





