Мектептегі тәрбие үрдісін басқарудың мазмұны мен технологиясы » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектептегі тәрбие үрдісін басқарудың мазмұны мен технологиясы
18
қараша
2018

Мектептегі тәрбие үрдісін басқарудың мазмұны мен технологиясы


Қазіргі заманғы мектептегі тәрбие жұмысының басты мақсаты- өзін-өзі жетілдіру арқылы өмірлік мақсаттарына жете алатын, өзара қарым қатынас жасай білетін, жеке басы мен қоғам қажеттіліктерін үйлестіре білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу. 

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін:

* Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту;

Оқушылардың адамгершілік-рухани құндылықтарын қалыптастыруға ықпал ету;

* Тұлғалық және өзара қарым-қатынас мәдениетінің негіздерін қалыптастыру;

Жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға жағдай жасау қажет.

Тәрбие процесі күрделі, үнемі өзгеріп және дамып отыратын жүйе.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының қызметі

Әкімшілік қызмет:

  • мектептегі тәрбие жұмысын басқарады
  • мектепте қолайлы педагогикалық-психологиялық ахуал орнатады
  • мадақтауға, марапаттауға ұсыныс жасайды.
  • Тәрбие процесіне қатысушылардың жұмысын бақылайды
  • әлеуметтік жұмыстар (сынып жетекшілерінің жұмысына қолайлы жағдай жасау)
  • бақылайды (сынып жетекшілерінің, үйірме жетекшілерінің құжаттарын, пән мұғалімдерінің тәрбиелік іс-әрекеттерін, мектеп психологтарының, әлеуметтік педагогтың, тәлімгерінің жұмысын) 

Ұйымдастырушылық қызметі:

мектептің тәрбие жұмысына қатысушылардың жұмысын ұйымдастырады ( үйірме кестесін жасау, кабинеттерін белгілеу, с/ж курстарға жіберу, іс-шара өтетін күнді белгілеу, ата-аналар жиналысын, лекторийлер  т.б. 

  • мектептегі тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастырады.
  • Аналитикалық-рефлективті ( тәрбие процесі кезіндегі мәселелер, нәтижесі, кеткен қателіктер мен кемшіліктер, кемшіліктерді жою жолдары) 
  • Жобалайды, болжайды.

Әдістемелік қызмет:

  • -диагностика жасау және сараптау
  • - ізденушілік ( ДТЖО-ның папкасы болуы керек)
  • - нұсқаушылық ( сынып жетекшілерінің семинарын, мәжілістерін өткізу, кеңес беру, методикалық құжаттар дайындау, ӘБ жұмысына бағыт-бағдар беру, сынып жетекшілері мен үйірме жетекшілерінің іс-тәжірибесін тарату
  • -Кеңес беру дәптері ( кімге? Қашан? Қай тақырыпқа берілді, ескерту)
  • Семинарлар ұйымдастыру.

Тәрбие - оқушы тұлғасының қалыптасу үрдісі. Барлық әлеуметтік қоршаған орта арқылы жүзеге асады. 

Мектептегі тәрбие жұмысының тақырыбы, мақсат-міндеттері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрықпен бекітілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін» басшылыққа алып, өткен оқу жылындағы тәрбие жұмысын талдау нәтижелеріне сүйеніп жасалады.

Мектептің тәрбие жұмысының тақырыбы: 

Интеллектуалды, бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу

Мақсаты:

Оқушылар бойында азаматтық, отаншылдық қасиеттерді тәрбиелеу және шығармашыл жеке тұлға  болып   қалыптасуына бар мүмкіншілікті жасау 

Міндеттері:

-қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру,  төзімділікті, ұлтаралық және мәдениетаралық байланыстарды дамыту, оқушылардың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, қазіргі Қазақстанның жетістіктері туралы білімдерін тереңдету.

-Ата-аналар мен мектептің педагогикалық ұжымы арасындағы серіктестікті одан әрі дамытуды жалғастыру, мектепішілік іс-шараларға ата-аналар қауымдастығын көбірек тарту;

-Мектеп және сыныптағы өзін-өзі басқару ұйымының бірыңғай жұмыс жүйесін   дамытуды жалғастыру;

-Мектепте  өтетін түрлі байқаулар мен жобаларға оқушылардың көбірек қатысуына жағдай жасау;

-Жалпымектептік ұжым болып қалыптасуын дамытуды жалғастыру;

-Оқушылардың салауатты өмір сүруге ұмтылу қабілеттерін дамыту;

-мектеп оқушыларымен жүргізілетін іс-шаралардың әдіс-тәсілдерін түрлендіру;

-оқушылардың рухани байлығына ықпал ететін, танымын дамытатын іс-шараларды ұйымдастыру;

- әр оқушының тұлғасын зерттеуге баса назар аударып, тәрбие жоспарын сынып ерекшелігіне сай жасау;   

 Тәрбие жұмысын іске асыру жолдары:

  • Конференция
  • Семинарлар
  • Дөңгелек үстелдер
  • Коучингтер
  • Топтық жұмыстар
  • Интербелсенді әңгімелесу
  • Ток шоу
  • тренингтер
  • Рольдік ойындар
  • Театрлық қойылымдар
  • Экскурсиялар
  • Сурет, плакат, ән-би, көркемсөз оқу т.б. байқаулар
  • Акциялар
  • Флеш мобтар
  • Көрмелер
  • Фестивальдер 

Тәрбие деп арнайы оқу- тәрбие мекемесінің мақсатты бағытталған оқу-тәрбие үрдісі түсініледі.

Мектеп әлеуметтік ортаны зерттейді және осы ортаға педагогтар, ата-аналар, балалар яғни адам арқылы ықпал етеді.

Мектептің жоспарын жасау үшін де сынып жетекшілерін зерттеу керек,   олардың нені жақсы білетіндігі, нені білмейтіндігі анықталынып,  соған қарай тапсырма берілу керек. 

Тәрбие жұмысын жоспарлау – бұл тәрбиеші әрекетін педагогикалық модельдеу.

Жоспар-бұл алдын ала белгіленген іс шаралар жүйесі, ол істердің бірізділігін, орындалу мерзімін және жауапты адамдарды қарастырады.

Жоспарлау - тек жоспар құрумен аяқталмайды, балалармен барлық жұмыс барысындағы шығармашылық үрдіс.

Тәрбие жұмысын жүргізу  жоспарына қойылатын талаптар:

  • -мектеп түлегінің бейнесін жүзеге асыруға бағыттылық;
  • -Жоспардың шынайылығы, осы сынып оқушыларының тәрбиелігіне сәйкестігі;
  • -оқушылардың  қызығушылықтары мен жас ерекшеліктерін есепке алу;
  • -сынып өмірін ұжымдық шығармашылық негізінде құру;
  • -жұмысты балалардың өмірлік және шығармашылық мәселелерімен сәйкестендіріп жоспарлау;
  • -сыныпта тәрбие жұмысының балалар үшін өзекті мазмұны мен формаларын еркін таңдау.

Жұмысты жоспарлау түрлері:

  • -Жоспарлау
  • -дұрыс жоспарлау

Келесі оқу жылына арналған жоспарлау жұмыстарын наурыз, сәуір айларында оқушыларды, ата-аналарды, сынып жетекшілерін, үйірме жетекшілерін қатыстыра отырып бастай беру керек. 

Осы талаптарды орындау үшін оқушылармен жиналыс өткізу керек. Және өткен оқу жылында  не ұнамады,  не ұнады, қалай істесек болады, кіммен бірлесіп істейміз деген сұрақтарды талқылау керек.Осындай жиналыстар ата-аналармен, үйірме жетекшілерімен де өткізілуі керек.

Жоспарлау кезінде оқушылардың тәрбие деңгейі,  мерейлі даталар және т.б. өзгертулердің болуы мүмкіндігі ескеріледі.Тәрбие жұмысын жоспарлау шығармашылық жұмыс, сондықтан оны педагог күнделікті жұмыс барысында өзіне ыңғайлы етіп жасай алады. 



№44 ОМ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.К. Даулетова

12 қаңтар, 2018 жыл