Латын тіліне көшу – уақыт талабы » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Латын тіліне көшу – уақыт талабы
08
апрель
2019

Латын тіліне көшу – уақыт талабы

Сабақтың тақырыбы: Латын тіліне көшу – уақыт талабы
Мақсаты: Қазақстанда қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы мәселесі туралы оқушыларға ақпарат беру;
Бұл тек қана тілдің реформасы ғана емес, жанымыздың жаңғыруы, маңызды стратегиялық бағдарлама екендігін ұғындыру.
Тәрбиелілігі: Елдің дамуы жолында болып жатырған жаңалықтармен ақпараттандыру, Отансүйгіштікке, тіліміз бен тарихымызды құрметтеуге баулу.

Көрнекілігі: Ғаламтордан алынған бейне материалдары, газет – журналдар.
1.Кіріспе: Мұғалімнің сөзі.

Елімізде латын әліпбиіне көшу мәселесі соңғы жиырма жылда көтеріліп, соның он жылында қызу талқыланып келеді. «Латын әрпіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік»- деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін бәріміз де санамызбен түсініп, оның шынында да, қазіргі қоғамға тигізер ықпалы туралы ойлануымыз қажет.
Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған кезден бастап қазақ лингвистері мен зиялы қауымының арасында латын әліпбиіне көшудің пайдасы мен зияны туралы бірталай пікірталастар туындай бастады.
Бүгінгі таңда елімізде латын әліпбиіне көшу әлі де екі жақты тартыс пен талас тудырып отырған мәселе болып табылады. Халықаралық деңгейде ойлайтын ойшылдарымыз бен ұлттың нағыз жанашырлары латынға көшуді дәріптесе, кейбір зиялылар қауымы тарихтың бұл үрдісіне әліге дейін қарсы болып келеді.
Қазіргі уақытта латын әрпін қолдану, ең алдымен, заман талабы болып отыр. Сондықтан да заманауи технологияларға тәуелді екенімізді мойындап, кез келген жаңа дүниелермен санасуымыз керек.

2. Ой қозғау: Латын тіліне көшу туралы сіздің пікіріңіз (1-топ)
Қазіргі әліпби мен латын әліпбиінің айырмашылығы (2-топ)
Латын тіліне көшу талабы...(3-топ)

3.Оқушылардың пікірлерін тыңдау.
4.Тапсырма: «Ел бүгіншіл, менікі – ертең үшін» (латынша жазып көрсету)
5.Эссе: «Латын тіліне көшу – уақыт талабы»
6. Латын әліпбиіне көшу — жай әліпбиді ауыстыра салу емес, ол біз үшін өркениетті шешім. Бұл біздің ашық әлемнің бір бөлігі болуға талпынуымызды, алға жылғымыз келетінін растайды және бұл осыған дейін Қазақстандағы білім беру жүйесін жетілдіру туралы идеялармен де байланысты болып тұр. Ендеше, «Қазақстан» ұлттық арнасында берілген бейне материалды көріп, тыңдайық.
Ақпарат: Қазақ елінде тарихи оқиға — латын қарпіне көшуге дайындық басталды. Жазу- ортақ мәдениеттер жалғасы, яғни руханияттың ажырамас бір бөлігі. Елбасының өзі айтқандай, қазақ тілі — ол біздің рухани негізіміз.Осы жолда тілдің халықаралық мәртебесін көтеру біздің әлемдік өркениетке жетуіміздің басты кепілі. Сонымен бірге, жаңа әліпби бүкіл әлем қазақтарын біріктіретін өте маңызды фактор. Қазіргі таңда әліппемізді латын таңбасына көшіру жайы білім саласында қызу талқылануда. Әліпби ауыстырудың негізгі себебі — таза табиғи қажеттілікке тікелей байланысты туындаған. Осыған орай, латын әліпбиінің бірыңғай стандарты бекітілгеннен кейін оны біртіндеп енгізу шаралары қолға алынады. Ал, білім саласы үшін латын қарпіне көшу — бір күннің шаруасы емес, нақты үш кезең бойынша жүзеге асырылмақ. Ең бастысы, дайындық кезеңі толық аяқталғаннан соң ғана мектептерге жаңа әліпбиді енгізу байыппен іске асырылады. Сондай-ақ, орыс тілі сабағы үшін кириллица қалдырылып, қазақ тілінде оқытылатын сабақтар латын қарпіне ауыстырылатын болады. Нәтижесінде балалар екі алфавитті де еркін меңгеріп шықпақ. Тиісінше, жаңа әліпби ағылшын тілін меңгеруге қаншалық оң ықпал ететін болса, жаратылыстану бағытындағы пәндер үшін де соншалық тиімді болмақ. Себебі, бұл пәндердегі өлшем бірліктің барлығы дерлік латын қарпінде. Осы орайда, тіл — коммуникацияның әмбебап құралы болып саналатындықтан, латын әліпбиін меңгеру бойынша оқу-әдістемелік құралдарды, мобильді қосымшалар мен ақпараттық бағдарламаларды шығарудың маңыздылығы зор деп санаймын. Яғни, Осы бағдарлама аясында аудан мұғалімдері белсене жұмыс жасайды деп ойлаймын. Болашағымыздың тізгінін өз қолымызға алудың, Елбасы сөзімен айтсақ, «болашаққа бағдар», «рухани жаңғырудың» өзегі және Қазақстанның 30 дамыған елдің қатарында сап түзеуінің жарқын кепілі.
Жаңа әліпби жаңарған елдің нышаны ретінде көнені келмеске кетіріп, сананы сілкіндіреді, жадыны жаңғыртып, тілге тәуелсіздік әпереді, мәдени тұтастықты орнықтырып, ақпарат кеңістігін дербестікке жетелейді. Әліппе — мәдениеттің өлшемі, сонымен қатар ол — ұлттың таңбасы, елдіктің айшығы, мемлекеттің тәуелсіздігі мен тұтастығын айқындайтын символдардың бірі. Бұл тұрғыдан алғанда таңба таңдау — өркениет жолын да таңдау деген мағына береді. Сондықтан осы арқылы Мәңгілік ел мұратын тұғырлы ететін тарихи таңдау жасалды деп ойлаймын.
Қорытындылау: Біз, білім саласының қызметкерлері , ұлттық құндылықтарымыз бен тарихымызды дәріптейтін, халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан адамгершілік қасиеттеріне сүйенетін рухы биік Мәңгілік елді құру жолындамыз. Бұл жолдағы басты міндетіміз — ұлттық нақышымызды сақтай отыра, заманауи талаптарға сай білімді және өркениетті ел болу.