Латын әліпбиіне көшу-заман талабы » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Латын әліпбиіне көшу-заман талабы
08
сәуір
2019

Латын әліпбиіне көшу-заман талабы

Латын әліпбиіне көшу-заман талабы
Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында
2025 жылы латын әліпбиіне көшу керектігін, алдағы уақытта барлық құжаттардың, іс қағаздарының, оқулықтардың да латын тілінде жазылатынын қадап айтты. Халық болып бұл бастаманы бірауыздан қызу қолдауымыз қажет. Мен ұстаз ретінде тұңғыш Президенттің дара саясатын қолдаймын, әлі де жолдамадағы барлық игі бастамалардың жүзеге асатынына сенімім мол. Өйткені Н.Ә.Назарбаевтың көрегендігінің арқасында еліміз небір қиын-қыстау кезеңді артқа қалдырып, гүлденген мемлекетке айналды.
Өткен тарихымызға көз жүгіртер болсақ, біз 3 әліпбиді ауыстырыппыз. Елімізде ерте заманда да латын қаріпін қолданғаны белгілі. Ал қазіргідей экономикамыз қарыштап дамыған заманда бұл қаріпті қолдану арқылы еліміз шет елдерге тез танылады деп ойлаймын. Себебі, латын тілі дүние жүзіне танымал екені баршамызға аян.
Кейбіреулер қазақ тіліндегі барлық мәтіндерді компьютердің көмегімен де тез аударуға болады деген жаңсақ пікірге сүйенеді. Бұл еңбектенуден қашып, оңай жол іздегендердің пікірі деп ойлаймын. Латын қарпін балаларға үйретпес бұрын, мұғалімнің өзі аса сауатты, жан-жақты болғаны жөн. Ұстаздар латын тілінде жаза, оқи білуі қажет. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі болғандықтан бос уақытымда латын әліпбиін жаттап, әңгімелер жазып жаттығып жүрмін. Ал мектебімізде оқушыларға латын әліпбиін кеңінен таныстырып, насихаттау мақсатында барлық сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді. Жоғары сыныптар арасында латын қаріпін пайдаланып эссе, шығарма жаздыру арқылы оқушылардың бейімділігін арттыру көзделіп отыр.
Барлық мектептерде жаңартылған білім мазмұны бойынша латын тілінде сабақ өтетін күн де алыс емес деген ой мені қуантады.
А. Салпекова
№44 ЖББМ қазақ тілі пәнінің мұғалімі.