"Латын әліпбиі - ХХI ғасырдың ғылыми және білім беру тілінің негізі" » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Латын әліпбиі - ХХI ғасырдың ғылыми және білім беру тілінің негізі"
09
апрель
2019

"Латын әліпбиі - ХХI ғасырдың ғылыми және білім беру тілінің негізі"

"Латын әліпбиі - ХХI ғасырдың ғылыми және білім беру тілінің негізі"
Мақсаты: Латын әліпбиіне көшу – заман талабынан туындап отырған қажеттілік екенін және Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы жайлы жан-жақты мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.
Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу.
Дерек көздер: ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы (2017 жылғы 12 сәуір),мультимедиялық таныстырылым, бейнежазба, ғаламтор және БАҚ материалдары.
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары: Интерактивті тақта,компьютер.
Барысы
І Кіріспе бөлім. «Ой қозғау»
Биылғы жылдың өзекті бастамаларының бірі — қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі. Қазақ тілінің жаңа әліпбиі — лингвистер арасында қызу пікірталасқа толы тақырып, себебі, ең алдымен, латын әліпбиі арқылы тіліміздің төл дыбыстарын қалай белгілеуіміз, және ол белгілеулердің тіліміздегі заңдарға барынша сай әрі ыңғайлы болуы — бәрі зор маңызға ие. Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті.Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды. Ал осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек? Бұл мәселені жан-жақты талқылау мақсатында республика көлемінде әрбір мекеме, ұйымдарда іс-шаралар ұйымдастырылуда.Бүгін біздің сыныпта да бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған «Латын әліпбиіне көшу» туралы өз ой-пікірімізді ортаға салуға жиналып отырмыз. Ғалымдар, әдебиетшілер, жалпы қауым арасында бұл мәселеге қатысты пікір екі жақты. Бірі қажет дейді, бірі қажет емес дейді. Пайдасы мен зияны жөнінде де пікірлер айтылып жатыр.Ендеше, «Латын әліпбиі - ХХI ғасырдың ғылыми және білім беру тілінің негізі » тақырыбында өткізілгелі отырған ашық микрафон алаңын бастаймыз.
ІІ Негізгі бөлім. 1.«Ашық микрафон алаңы» ( Оқушылар кезектесе пікір айтады )
- Болашақта түркі халықтары латын таңбаларына негізделген ортақ әліпбиге көшеді.
- Латын әрпіне көшу арқылы біз әлемдік кеңістікке жақындаймыз.
- Компьютерде, ұялы телефондарда осы әріпті қолданатын жастар көп.
- Еліміз тәуелсіздік тәжін кигеннен бері көптеген қазақ тілшілері латын әліпбиіне көшу мәселесін көтеріп келеді. Латын әліпбиіне көшу туралы ой-пікірлер 1926-1929 жылдардан бастап бастау алғаны баршамызға тайға таңба басқандай белгілі.
Қазақ тіл білімі тарихында 1929 жылы қазақ жазуы ресми түрде латын әліпбиіне көшкен. Сонымен қатар, 1929-1940 жылдар аралығында латын әліпбиі қолданыста болған еді.
Ұлтымыздың басынан үш алфавит жүйесін өткергендігін білеміз. Олар: біріншіден—араб әліпбиі (1929 ж. дейін), екінші—латын әліпбиі(1929-1940 жж.), үшіншісі—кириллицаға негізделген қазақ әліпбиі (1940жылдардан бүгінге дейінгі қазіргі әліпбиіміз).
- Қазіргі таңда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың латын әліпбиіне көшу саясатын қолдаймын. Себебі, біріншіден, латын әліпбиіне көшудегі негізгі ұтымдылық - тіл ауыспай, таңбаның ауысуы.Екіншіден, қарапайым тілмен жеткізсем, сөзді немесе дыбысты қалай естісек, жазылуын да солай жазамыз.Көптеген ғалымдардың пікірін ескеретін болсам, латын әліпбиіне көшу соншалықты қиындық тудырмайды. - Қазақстандықтар латын әліпбиінің 20-дан астам жаңа нұсқасын ұсынды.Сондай-ақ жұмыс тобына қазақстандықтардан 1600-ге жуық ұсыныс-пікір келіп түскен.Ел азаматтары қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру бойынша өз нұсқаларын ұсынып жатыр. Қазіргі уақытта жұмыс тобына 20-дан астам нұқса келіп түсті, деп хабарлады Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов.
- "Латын әліпбиі Қазақстанға керек. Бұл дұрыс. Бүгін әлем латын әліпбиін қолданады. Қазір интернетті ашсаң, негізінен ақпарат латын әліпбиінде ғой. Біздің бауырларымыз — түріктер, түрікмендер, өзбектер латынға көшті. Қорқынышты еш нәрсе жоқ. Мен бұл бастаманы қолдаймын. Енді тек бұл ұсыныстың тек ұсыныс болып қалмағаны маңызды", — деп жауап берді Тайжан мәжілісте өткен отырыстан кейін журналистердің қойған сұрағына.
Сондай-ақ, ол бұл бастаманың саяси астарына қатысты мәселе бойынша да пікір білдірді.
- Президент 2017 жылдың аяғына дейін латынша қазақ әліпбиінің жобасын әзірлеуді ұсынып, үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырды. Ал 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет. Осылайша алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізіледі.
2.«Сұрақ-жауап алаңы» әдісі
- Латын әліпбиіне көшу қажет пе?
- Латын әліпбиіне көшу үдерісі қалай жүріп жатыр және де оның қандай нұсқалары бар?
- Ал халыққа пайдалануға қай нұсқа ыңғайлы болмақ?
- Латын әліпбиіне көшу үшін қандай шараларды жүзеге асыру қажет?
- Латын әліпбиіне көшкен кезде құжат ауыстырамыз ба?
ІІІ Қорытынды бөлім.
« Ең бастысы » ( Оқушылар кезектесе бір ауыз қорытынды пікір айтады )
ІҮ Рефлекция. «Дауыс беру»
Оң жақ: қолдаймыз (ақ)
Сол жақ: қолдамаймыз (қара)
1-оқушы : Қазіргі уақытта еліміздің басты проблемасына айналып отырған ең өзекті тақырыптардың бірі – әліпбиіміздің өзгеруі, яғни қалыптасқан дәстүрді бұзып, кириллицадан латын әрпіне көшу. Қазақстан халқы өз тәуелсіздігін жариялағаннан бері бүгінгі қолданыста жүрген кириллицадан латын әліпбиіне көшу мәселесі жөнінде пікірлер жиі айтылып келеді.
Қорытындылай келе, ғылыми қауым латын әліпбиіне көшкен түркі халықтарының жағдайына да жеке зерттеу жүргізіп келеді. Осы бағытта арнайы бағдарлама да бар секілді. Латын әліпбиіне көшкен өзбек ағайындарда туындаған бір қиындық — өзбек мектебі латынша жазса, орыс мектептері бұрынғы кирилл жазуында қалып отыр. Себебі өзбек тіліндегі мектепке латын әріптерін меңгерген мұғалім, латынша шыққан оқулықтар, ал орыс мектебіне басқа кітап, басқа мұғалім керек екен. Орысша оқитындарға кітап қоры жеткілікті болса, өзбек мектебіндегі латынша оқитындарға ондай мүмкіндік жоқ, орыс әліпбиін танымайды. Сол сияқты латын әріптерімен шыққан басылымдардың таралуы да аз екен. Әрине, мұндай кемшілікті уақытша қиындық қана деп білеміз.Қиындықтар болмайды емес, болады. Бірақ «шегірткеден қорыққан егін екпейді» дегендей, қиындықтан қорқып қол қусырып отыруға да болмайды. Бес мың жылдық тарихы бар Қытай мемлекеті өздерінің ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан тарихи мұрасын бір әліпбиден екіншісіне көшірудің мүмкін еместігінен өз иероглифтерінен айырылмай отыр. Бірақ Қытайда да латын әліпбиінің өз орны, осы әліпбиге деген қызығушылық бар. Қытай 1949 жылы өз иероглифтерін латын әріптерінен транскрипциялады, соның арқасында қазір шетелдіктердің қытай тілін латын әріптері негізінде меңгеруі бұрынғыға қарағанда жеңілдей түскен. Ал жапон елінде ғылыми жұмыста және байланыс құралдарын пайдалануға ыңғайлы болуы үшін екінші әліпби ретінде латын жазуы қолданылады.Тағы бір ескеретін жай — латын әліпбиіне өтсек, барлық мәселе шешіледі деп арқаны кеңге салуға да болмайды. Латын әліпбиіндегі британдық ағылшындар өз тілдерінің америка, европа құрлықтарында әр жерде әртүрлі айтылып кетпеуіне, немістер мен еврейлер жер-жерден келген өз қандастарының тілді бұзбай дұрыс меңгеруіне, француздар өз тіліне ағылшын кірме сөздерінің көп еніп кетпеуіне басқа елдер де алаңдаушылық білдіріп, үнемі назарда ұстап, тілін дамыту шараларын жүргізіп, тіпті «тіл полициясын» да осы іске қосып отыр. Сондықтан бізде тілімізге бұрынғыдан да жауапкершілікпен қарап, Елбасы айтқандай, «қазақ қазақпен қазақша сөйлеуі керек».