08
сәуір
2019
Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі
Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру керектігін айтқан болатын. Содан бері бұл тақырып қоғам талқысында оң өзгеріс тауып, бүкіл халықтың назарын аудартқан болатын.
Біздің балаларымызды ағылшын тілінде оқытудың өзі латын әліпбиімен байланысты. Ал, қазір барлық мектептерде ағылшын тілін оқытып жатыр. Сондықтан мұнда тұрған қорқыныштыештеңе жоқ дегім келеді.
Бүгінгі еліміздің саяси, экономикалық, ғылымилық, халықаралық маңызы бар мәселелер тоғысында ғаламтор мен ұялы байланыстың жазармандары мен пайдаланушылары көбейген тұста интернет желісін пайдаланушылардың латын тіліне қажеттілігі артпаса кемімейтіні анық. Екіншіден бұл идея түркітілдес халықтарды біріктірудің басты көзқарасы болып табылады.
Болашақта ғылым мен техника, компьютер мен роботтар, тіпті әлеуметтік желі тілдері ортақ жүйелі тілге енуі мүмкін. Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатыны ақиқат.
Ендеше Елбасы қолдаған латын графикасының жобасын бәрімізде еншімізге жаза отырып, «мегажоба» ретінде ұлттық деңгейге көтеру қажет. Латын графикасына көшу үшін жоба-жоспарсыз қандай да бір істің нәтижесін көру мүмкін емес.
Еліміздің «латын әліпбиіне көшудің тиімділігі» ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі деп түсінемін.Латынның бізге берері төмендегідей: Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кіруге тиімді жолдар ашылады деген ойдамын.
№ 44 ЖББМ
Сүймбаева Айнұр