«Латын әліпбиіне көшу- қазақ тілінің жаңа белесі» » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Латын әліпбиіне көшу- қазақ тілінің жаңа белесі»
08
апрель
2019

«Латын әліпбиіне көшу- қазақ тілінің жаңа белесі»

«Латын әліпбиіне көшу- қазақ тілінің жаңа белесі»
Дөңгелек үстел


Мерзімі:18.03.2019 ж.
Мұғалім: Надырбаева Б.З.

«Латын әліпбиіне көшу- қазақ тілінің жаңа белесі»
Мақсаты:
Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.
Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу.
Дерек көздер: ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы, бейнежазба, ғаламтор материалдары.
Техникалық құрал-жабдықтары: Интерактивті тақта,компьютер.
Барысы
І Кіріспе бөлім. «Ой шақыру»
Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті.
Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды. Ал осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек? Бұл мәселені жан-жақты талқылау мақсатында республика көлемінде әрбір мекеме, ұйымдарда іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Бүгін біздің сыныпта да бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған «Латын әліпбиіне көшу» туралы өз ой-пікірімізді ортаға салуға жиналып отырмыз. Ғалымдар, әдебиетшілер, жалпы қауым арасында бұл мәселеге қатысты пікір екі жақты. Бірі қажет дейді, бірі қажет емес дейді. Пайдасы мен зияны жөнінде де пікірлер айтылып жатыр.
Ендеше, «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында өткізілгелі отырған пікірсайыс алаңын бастаймыз.



ІІ Негізгі бөлім. «Еркін микрофон»
Мәселені талқыламас бұрын қазақ жазуында қолданылып келген әліпбилер тарихы туралы тарқатып айтып берсеңіздер.
Қазақ тілінің әліпбиі тым тереңнен тамыр тартатыны белгілі болды. Ендеше алғашқы талқылайтын сұрақтармен таныс болыңыздар.
І Латын әліпбиіне көшудің тиімді де пайдалы тұстары:
1. Латын әліпбиіне көшудің себептері неде?
2. Латын әліпбиіне көшудің қандай тиімді жақтары бар?
Осы сұрақтар төңірегінде ой өрбітсек:...
ІІ Латын әліпбиін үйренудің жолдары:
3. Латын әліпбиін меңгеру қаншалықты қиындық туғызады?
4. Латын қарпіне көшудің қандай оңтайлы жолдарын атар едің.
ІІІ Латын әліпбиіне көшудің тиімсіз тұстары:
1. Латын әліпбиіне көшу қандай қиындықтар туғызуы мүмкін?
2. Латын әліпбиіне көшсек, неден ұтыламыз?
ІІІ Қорытынды бөлім. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»
ІҮ Рефлексия. «Дауыс беру»
Оң жақ: қолдаймыз (ақ)
Сол жақ: қолдамаймыз (қара)