№44 жалпы орта білім беретін мектебінде «Олар біздің мектепте оқыған» тақырыбында мектеп түлектерімен кездесу іс-шарасы өткізілгені туралы
№44 жалпы орта білім беретін мектебінде «Олар біздің мектепте оқыған» тақырыбында мектеп түлектерімен кездесу іс-шарасы өткізілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларды мектептің әр жылдардағы жетістікке жеткен түлектерімен таныстыру, олардың өмір жолы мен кәсіби тәжірибесін үлгі ету, оқушылардың болашақ мамандық таңдауға деген қызығушылығын арттыру және тұлғалық дамуына бағыт-бағдар беру.
Кездесу барысында мектеп түлектері өздерінің оқу орнындағы естеліктерімен бөлісіп, қазіргі таңда атқарып жүрген қызметтері туралы баяндады. Сонымен қатар, білім алушыларға сапалы білім алудың маңыздылығы, уақытты тиімді пайдалану, мақсат қоя білу және оған жету жолдары жөнінде құнды кеңестер берді. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті.