№ 44 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназия кітапханасында «Біз таңдаған жолдар» атты мамандық таңдауға бағытталған танымдық іс-шара өткені туралы
26 қараша күні №44 жоба жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының кітапханасында «Біз таңдаған жолдар» атты мамандық таңдауға бағытталған танымдық іс-шара өтті.
Шараның мақсаты – оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру, түрлі кәсіп иелері туралы мағлұмат беру және жеке қабілеттерін анықтауға көмектесу болды. Іс-шара барысында оқушылар мамандық түрлерімен танысып, олардың қыр-сыры, қоғамдағы маңызы туралы ақпарат алды.
Кітапхана меңгерушісі мен ұйымдастырушылар қатысушыларға қазіргі заман сұранысына ие мамандықтар жайында айтып, өз қызығушылығы мен бейіміне қарай мамандық таңдаудың маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар, пікір алмасу, сұрақ-жауап және танымдық ойындар ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты.
Кездесу барысында әр мамандықтың жауапкершілігі мен ерекшелігі айтылып, жастарға саналы түрде таңдау жасау керектігі атап өтілді.