2026 жылы қаңтар айында №44ЖОББМГсында «Мен және менің қабілеттерім: дұрыс таңдау жасау!» тақырыбында 9-сынып оқушыларына арналған дөңгелек үстел өткізілгені туралы
«Мен және менің қабілеттерім: дұрыс таңдау жасау!» тақырыбында 9-сынып оқушыларына арналған дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың өз қабілеттерін тануына көмектесу, кәсіп пен өмірлік таңдаудың маңызын түсіндіру, адал еңбекке, жауапкершілікке және саналы шешім қабылдауға тәрбиелеу.
Дөңгелек үстелге 9-сынып оқушылары, сынып жетекші қатысты.
Өткізу барысында мамандықтар туралы бейнеролик көрсетіліп, ой қозғау сұрақтары қойылды. Оқушылар топтық жұмыстар арқылы өз қабілеттері, қызығушылықтары, адал еңбектің маңызы және мамандық таңдаудағы қажеттіліктер туралы пікір алмасты. Сонымен қатар пікірталас ұйымдастырылып, ақша мен қызығушылық, ата-ана мен бала таңдауы мәселелері талқыланды.
Іс-шара соңында оқушылар рефлексия жасап, болашаққа қатысты өз ойларын стикерлер арқылы білдірді. Дөңгелек үстел оқушылардың өзін-өзі тануына, болашақ мамандық таңдауға жауапкершілікпен қарауына оң әсерін тигізді.