Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы туралы ақпарат » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы туралы ақпарат
13
қаңтар
2019

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы туралы ақпарат

Күн тәртібінде:
1.Оқушыларды тамақтандырудың сапасына мониторинг жөніндегі комиссия мүшелерінің есебі.

Сөз сөйлегендер:

Медицина қызметкері-М.Мавлюдова. Асханада оқушыларға әзірленген тамақтар мен тағамдардың сапасы күнделікті бракераж комиссиясы тарапынан тексеріліп, арнайы «Асханада дайын тағамның сапасын анықтау актісі» журналына тіркеліп отырылады. Мектеп асханасы талапқа сай жұмыс жасайды. Асханада мектеп әкімшілігі тарапынан кезекшілік ұйымдастырылып, үнемі қадағалануда. Тамақтандырудың сапасы жақсы, нормаға сай. Асхананың тазалығы санитарлы-эпидемиологиялық талапқа сай. Асхана қызметкерлері санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтайды.Асхана қызметкерлерінің денсаулығы күнделікті тексеріледі, журналға тіркеледі. Бақылау тағамы, тәуліктік сақтау нормалары сақталды. Азық түліктің сертификаттары бар. Шикізат өнімдері дұрыс сақталады.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары-Ғ.Аликулова. «Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру туралы» мектептің №109 бұйрығына сәйкес Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларының (бұдан әрі-Қағидалар) 5 тарауының 81 тармақшасына сәйкес мерзімдері мен жағдайларының сақталуына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрылды. Қағидаларының 2 тарауының 13 тармақшасына сәйкес ыстық тамақпен оқушылардың тамақтануына жауапкершілік сынып жетекшілерге жүктеліп, 1-қыркүйек пен 25-мамыр аралығында 1 санат бойынша -АӘК алатын отбасы балаларынан -25 бала және 2 санат бойынша -алқа шешімімен аз қамтылған отбасынан 19 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылғанын айтты. Жоғарыда аталған 44 оқушы бекітілген тізім бойынша екі ауысымда бекітілген кестеге сай мектеп асханасында бір мезгіл тегін ыстық тамақпен ай сайын қамтамасыз ету туралы «Жалпыға бірдей міндетті оқу» қорынан әлеуметтік аз қамсыздандырылған отбасынан шыққан 44 оқушыға мектеп асханасынан бір мезгіл тегін ыстық тамақ беріледі. Күнделікті оқушыларға берілетін тамақ белгіленген ас мәзіріне сәйкес әзірленеді. Ата-аналар тарапынан шағымдар жоқ.
Комиссия мүшелері асхана жұмысын жан-жақты тексеріп, төмендегідей шешім қабылдады.
Шешімі:
1.Мектеп оқушыларының асханада тамақтануын тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясының бақылау жұмысы жалғастырылсын.

№44 ЖББМ директоры: Н.Конкабаев
Хатшы: Г.Наушабаева