2018-2019 оқу жылында №44 жалпы білім беретін мектебі бойынша ыстық тамақпен оқушылардың қамтылуы туралы Ақпарат » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2018-2019 оқу жылында №44 жалпы білім беретін мектебі бойынша ыстық тамақпен оқушылардың қамтылуы туралы Ақпарат
29
қазан
2018

2018-2019 оқу жылында №44 жалпы білім беретін мектебі бойынша ыстық тамақпен оқушылардың қамтылуы туралы Ақпарат

2018-2019 оқу жылында №44 жалпы білім беретін мектебі бойынша ыстық тамақпен оқушылардың қамтылуы туралы Ақпарат Оқушыларды ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығына сай «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына сай тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сай: АӘК алатын отбасы балаларынан -25 бала және алқа шешімімен аз қамтылған отбасынан 19 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған. Жалпы мектеп бойынша аз қамтылған отбасынан шыққан 44 баланың құжаттары мемлекеттік стандартқа сай тіркелді. «Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру туралы» мектептің 03.09.2018 жылы №109 бұйрық қабылданып, жұмыс жоспары құрылып, жоспар мектеп басшысымен бекітілді. 1-қыркүйек пен 25-мамыр аралығында 1 санат бойынша -АӘК алатын отбасы балаларынан -25 бала және 2 санат бойынша -алқа шешімімен аз қамтылған отбасынан 19 оқушы тегын ыстық тамақпен қамтылған. Жалпы мектеп бойынша 44 оқушы. Жоғарыда аталған 44 оқушы бекітілген тізім бойынша екі ауысымда бекітілген кестеге сай тамақтанады. 2018-2019 оқу жылында №44 ЖББМ бойынша І тоқсанда ыстық тамақпен оқушылардың қамтылуы туралы Ақпарат Тамыз айының 24 күні педагогикалық кеңес отырысында оқушыларды ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің және «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына сай тегін тамақтандыруды ұсыну» және ұйымдастыру туралы мәселе қаралды. Онда «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына сай тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен таныстырылды. «Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру туралы» мектептің №109 бұйрығына сәйкес Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларының (бұдан әрі-Қағидалар) 5 тарауының 81 тармақшасына сәйкес мерзімдері мен жағдайларының сақталуына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрылды. Қағидаларының 2 тарауының 13 тармақшасына сәйкес ыстық тамақпен оқушылардың тамақтануына жауапкершілік сынып жетекшілерге жүктеліп, 1-қыркүйек пен 25-мамыр аралығында 1 санат бойынша -АӘК алатын отбасы балаларынан -25 бала және 2 санат бойынша -алқа шешімімен аз қамтылған отбасынан 19 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған. Жалпы мектеп бойынша 44 баланың құжаттары мемлекеттік стандартқа сай тіркелді. Жоғарыда аталған 44 оқушы бекітілген тізім бойынша екі ауысымда бекітілген кестеге сай мектеп асханасында бір мезгіл тегін ыстық тамақпен ай сайын қамтамасыз ету туралы «Жалпыға бірдей міндетті оқу» қорынан әлеуметтік аз қамсыздандырылған отбасынан шыққан 44 оқушыға қыркүйек айында айында-13 күн, қазан айында-20 күн яғни І аусымда- 19 оқушы, ІІ аусымда- 25 оқушыға мектеп асханасында бір мезгіл тегін ыстық тамақ берілді. Оқушылардың күнделікті тамақтануы І-ІІ ауысымда жеке-жеке қадағаланып бақылау журналымен тексеріліп, белгіленді. Ата-аналарға оқушылардың дені сау, ширақ болуы, олардың күш құаты сабақ барысында әлсіз болмауы, ол тамақты мезгілінде дұрыс ішуі мектеп медбикесімен мектеп әкімшілігімен үнемі қадағалануда. Мектеп асханасында оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету және дұрыс тиімді тамақтануға байланысты іс-шаралар жоспар бойынша жүргізілді. Атап айтсақ: -Ай сайын оқушыларды тамақтандыру бойынша сандық есеп жүргізілді; -Асханада мектеп әкімшілігі тарапынан кезекшілік ұйымдастырылып, әрдайым қадағалануда; -Білім алушыларды тамақтандыру тәртібі бойынша жүргізіледі; -Тамақтандыруға жауапты сынып жетекшілердің, педагогтардың оқушыларды асхана бөлмесіне алып жүруін қамтамасыз ету, т.б. Оқушылардың асханада тамақтануын қадағалау мектептің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ғ.К.Аликулова және мектеп әкімшілігі тарапынан кезекшілік ұйымдастырылды. Ал тамақтың сапасына санитарлық талаптарға сай болуы, азық –түліктердің сақтау жағдайы мен тұтыну мерзімін мектеп медбикесі М.Мавлюдоваңың қадағалауында болды. Комиссия тарапынан жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын, тағамдарды дайындау технологиясын, тоңазытқыш –технологиялық жабдықтардың жарамдылығын, өнімдердің және дайын тағамдардың сақталуын қадағалау бойынша рейдттер ұйымдастырылды. Рейд барысында шикізат өнімдерінің сапасы жақсы, сертификаттары бары анықталды. Санитариялық қағидаларының 7 тарауының 123 тармақшасына сәйкес күн сайынғы дайын өнімнің тәуліктік сынамасын алу, ас мәзірі тоңазытқышқа қойылғандығына аспазшы А.Киер жауапты.