Оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмысы барысында ата-аналармен мектеп асханасында өткізілген «Ашық есік» күні туралы анықтама » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмысы барысында ата-аналармен мектеп асханасында өткізілген «Ашық есік» күні туралы анықтама
12
қазан
2019

Оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмысы барысында ата-аналармен мектеп асханасында өткізілген «Ашық есік» күні туралы анықтама

Оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмысы барысында ата-аналармен мектеп асханасында өткізілген «Ашық есік» күні туралы
анықтама

Білім алушыларды мектеп асханасында  бір мезгіл тегін және ата-ана есебінен тамақпен қамту жұмысы барысында атқарылатын   жұмыс жоспарына сай 12 қазан күні «Ашық есік» күні ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты - 2019 жылдың тамыз айындағы №1 педагогикалық кеңесінде қаралған Қазақстан Республикасы Білім және  ғылым министрінің 13.04.2015жылғы №198 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес аз қамтылған отбасынан шыққан 184 білім алушының мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен қамтылу, дайындалған астың ас мәзірімен сәйкестігі, оның сапасы, жалпы ұйымдастыру жұмыс барысымен ата-аналарды таныстыру.
   Мектеп бойынша білім алушылардың бір мезгіл тегін тамақпен қамту жұмысына жауапты директодың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ғ.К.Аликулова мектепішілік 02.09.2019 жылғы №124 бұйрығы негізінде құрылған тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрамымен, жұмыс ережесімен таныстырды
Ата-аналар асхана ішін аралап, онда жалпы асхана жұмысы, балалардың тамақтануы мен олардың санитарлық-гигиеналық ережені сақтауы, дайындалған ас мәзірінің сапасы, мөлшерінің нормаға сәйкестігін көрді.
      Аталған күні балаларға сол күнгі ас мәзіріне  сәйкес тағамдар дайындалып берілді.
   Өз кезегінде ата-аналар дайындалған тағамның сапасы, дәмі, түрімен танысып, асхана аспазшылары Киер Алия мен Дадабаева Наргизға ризашылықтарын білдірді.
Іс-шара барысында Ғ.К.Аликулова алдағы уақытта да аталған бағыттар бойынша тиісті жұмыстар атқарылатынын айтып өтті.