Тыйым салынған заттарды мектеп асханасында сатпау, пайдаланбау мәселесі бойынша жауапты маманның асхана қызметкеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілгені туралы
№44 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында білім алып отырған жекелеген санаттағы балаларды 2025-2026 оқу жылында мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен қамту мақсатында 2025 жылдың 4 қыркүйек күні мектепішілік тамақтанудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия (әрі қарай-комиссия) құрамын, сондай-ақ басқада тиісті мамандарды бекіту, ауыз су режимін ұйымдастыру және мектеп асханасында жекелеген тамақ өнімдерін сатуға тыйым салу туралы мектеп директорының бұйрықтары шығарылып, бекітілді.
Тыйым салынған тамақ өнімдерін мектеп асханасында пайдаланбау туралы мектеп директорының бұйрығы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы №ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану обьектілеріне қойылатын санитарлық − эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларының 5-тарау, 4 параграфты 177 пунктін басшылыққа ала отырылып шығарылды.