Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жұмысының жарты жылдық есебі » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жұмысының жарты жылдық есебі
05
қаңтар
2023

Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жұмысының жарты жылдық есебі

2022-2023 оқу жылында №44 жалпы орта  білім беретін мектебінде білім алушылардың жекелеген санаттарына тегін тамақтандырудың ұйымдастырылуы және тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысын ұйымдастыру туралы

                                                                               Анықтама

«Жеміс-жидек» ауылы                                                                                                                 05.01.2023 жыл


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығына 10-қосымша «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары мен «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленушіні және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598   бұйрығына өзгеріс енгізу туралы   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы №235  бұйрығы және «Білім беру обьектілеріне қойылатын санитарлық-эпидимиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы ҚР ДСМ-№76 бұйрығына сәйкес №44 жалпы орта білім беретін мектебінде білім алып отырған жекелеген санаттағы балаларды 2022-2023 оқу жылында мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен қамту мақсатында 2022 жылдың 27 тамызында мектепішілік тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия құрамын, тиісті  мамандарды бекіту, ауыз су режимін ұйымдастыру және мектеп асханасында жекелеген тамақ өнімдерін сатуға тыйым салу туралы мектеп директорының бұйрықтары шығып, бекітілді.

Бұйрықта тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия құрамы 9 (тоғыз) адамнан құрылғаны, сондай-ақ тамақтандыру жұмысына тиісті мамандардың бекітілгені және мектептің интернет ресурсының «Мектептік тамақтандыру» айдарында үздіксіз мониторинг жүргізіп отыру жұмыстары нақтыланып көрсетілді.

Жоғарыда аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына сәйкес бүгінгі күні атаулы әлеуметтік көмек алатын 19 отбасында тәрбиеленіп отырған мектеп жасындағы 38 білім алушы мен тұрмыс жағдайы төмен, әлеуметтік көмекке мұқтаж 21 аз қамтылған отбасынан шыққан 50 білім алушы, қамқоршылық қорғаншылыық тағайындалған 2 отбасынан 3 білім алушы, жалпы саны 42 отбасынан 91  білім алушы жинақталған құжаттар негізінде алқалық басқару орган шешімімен 2022-2023 оқу жылының қараша-желтоқсан айларында мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен қамтылды.

 21 аз қамтылған отбасының әлеуметтік – тұрмыстық жағдайы 2022 жылдың тамыз-желтоқсан ай аралығында тұрғылықты мекенжайлары бойынша Жамбыл ауылдық округінің мамандарымен бірлесе отырып тексерілді, ол туралы тиісті актілер толтырылды, тексеру барысында барлық тексерілген барлық отбасылар әлеуметтік - материалдық көмекке мұқтаж екендігі анықталды. 


            Аталған қызмет көрсету стандартының талаптарына сәйкес аталған балалардың                 ата-аналарынан өтініштер алынып, балалардың құжаттары жинақталып, барлық мәлімет қыркүйек айында мектептің Ұлттық  білім беру деректер қоры  базасына енгізілді. Білім алушыларды мектеп асханасында тамақтандыру жұмысы алдағы мектеп әкімшілігі және қамқоршылық кеңес мүшелері тарапынан оқу жылы бойы қадағаланып отыр.

Жасақталған комиссия құрамы әр айдың соңында мектеп асханасына мониторинг (тексерістер) жүргізіп отыр. Мониторинг барысында мектеп асханасында санитарлық талаптардың сақталуы, асхананың жабдықталуы, ауыз су режимінің ұйымдастырылуы, асхана аспаптарының жай-күйі, қоймалардың санитарлық жағдайы, тыйым салынған тағамдардың сатылмауы, асхана қызметкерлерінің денсаулығы, сыртқы келбеті және олардың қалыпты жұмыс жасауына жағдайдың жасалуы тексерілуде. Тексеріс қорытындылары комиссияның отырысында қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Тексеріс барысында анықталған асханада өнімдерді сақтауға арналған холодильниктің бұзылуы және ас үй ыдыстарының жетіспеуі, қоймада арнайы термометрдің, гидрометрдің болмауы туралы кемшілік бойынша қазан және желтоқсан айларында аудандық білім бөліміне мектеп әкімшілігі тарапынан кезекті сұраныстар жасалды. Алайда жыл соңындағы қаржы тапшылығына байланысты сұраныстар білім бөлімі тарапынан қанағаттандырылмай отыр.

Өз кезегінде білім алушыларды мектеп асханасында тамақтандыру жұмысы бойынша барлық атқарылған іс-шаралар жиынтығы үздіксіз мектептің интернет ресурсының «Мектептік тамақтандыру» айдарында салынып отыр.