№44 ЖОББМ бойынша тамақтану сапасына мониторинг жүргізу туралы АНЫҚТАМА
2022 жылдың желтоқсан айының 27 күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Нәтижесінде, тексеру соңынан актпен рәсімделіп, комиссия отырысында қаралып, талқыланды. Жүргізілген асханадағы тексеру сарапталып, ұсыныс берілді.
Дәлізде асханаға кірерде қол жуатын орындарда арнайы кептіргіштер болмағандықтан, қағаз сүлгілермен жабдықталған. Білім алушыларға арналған қол жуатын 3 раковина бар. Раковиналарға сұйық сабын қойылған.
Пісіру цехында персоналдың қолын кептіру үшін синтетикалық матадан жасалған сүлгілер пайдаланады. Ас блогында бір лампочка күйіп кеткен. Ас блогындағы жарықтандыру жүйелерін тексеріп, күйіп кеткен лампочканы ауыстыру ДШІЖО С.Исмаиловқа міндеттелді.
Нан цехында арнайы нан қоқымын жинайтын ыдыс жууға алынып, орнына қойылмаған.Нан үгіндісін жинауға арналған ыдыс пен щетканың үнемі болуын аспазшы У.Серікбайға кезекті рет ескертілді.