АКТ » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
ақпан
2022

АКТ


№44 ЖОББМ бойынша тамақтану сапасына мониторинг жүргізу бракераж комиссиясы жұмысының қорытындысы туралы

 АНЫҚТАМА 


22 ақпан 2022 жылытамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Нәтижесінде, тексеру соңынан  актпен рәсімделіп, комиссия отырысында қаралып, талқыланды. Жүргізілген асханадағы тексеру сарапталып, ұсыныс берілді.

    Дәлізде тамақтануға асханаға кірерде  қол жуатын орындарда арнайы кептіргіштер болмағандықтан, қағаз сүлгілермен жабдықталған. Білім алушыларға арналған қол жуатын 3 раковина бар. Раковиналарға қолданыға ыңғайлы  сұйық сабындар қойылған.

Ас блогындағы санитарлық жағдай қалыпты, талаптар сақталған.Пісіру цехында персоналдың қолын жууы үшін арнайы орын қарастырылған. Кептіру үшін синтетикалық қағаздан жасалған сүлгілерді пайдаланған. Ыдыстарды жууға пешке су жылытып жуады, асханада ыстық сумен жабдықтау жылытқыштар қарастырылмаған.

Персоналдарға арналған тұрмыстық бөлмеде қызметкерлердің жеке заттарын сақтауға арналған арнайы шкафтар қарастырылған. Заттарын арнайы киім сақтауға арналған ілгіштерге ілген. Мектептің материалдық базасында персоналдарға арналған душ қарастырылмаған. 

           Қойма, ет цехы, нан цехы бөліктерінде санитарлық талаптар сақталған. Тоңазытқыштарда жабдық мақсаты көрсетілген. Температуралық режим сақталған. Термомертлер бар. Тауар көршілестігін сақтау талаптары ескерілген.

     Жалпы асхананың, ас блогы мен пісіру цехында санитарлық талаптар орындалған.










Похожие публикации:

17 наурыз 2022 АКТ
28 қаңтар 2022 АКТ
24 қараша 2021 АКТ
14 қазан 2021 АКТ
19 қыркүйек 2021 АКТ