АКТ


№44 ЖОББМ бойынша тамақтану сапасына мониторинг жүргізу бракераж комиссиясы жұмысының қорытындысы туралы
АНЫҚТАМА
Қыркүйек айының 19 күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 жұмыс күні ұсынылды.
Тексеру нәтижесінде асханада ауыз су режиміне қойылатын талаптардың сақталмағаны анықталды. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларының 3-тарау 28 тармағында көрсетілген «Қайнаған ауыз су 3 сағаттан аспай сақталған жағдайда оны пайдалануға жол беріледі» талаптар орындалмаған. Қайнаған судың ауыстырылған уақыты мен ауыстыру кестесі көрсетілмеген.
Мектеп асханасының тамақтану бөлімінде қол жуатын орындарда арнайы кептіргіштер болмағандықтан, қағаз сүлгілер пайдаланылады. Білім алушыларға арналған қол жуатын 3 раковина бар.
Ас блогындағы санитарлық жағдай қалыпты, талаптар сақталған. Бірақ ас блогының үй-жайын тазалауғатазалау кестесі ілінбеген және ыстық және суық сумен жабдықтау жүйелерінің, су жылытқыштар қарастырылмаған. Ыстық суды бөлек жылытып жуады.
Персоналдарға арналған тұрмыстық бөлмеде қызметкерлердің жеке заттарын сақтауға арналған арнайы шкафтар қарастырылмаған. Заттары арнайы киім сақтауға арналған шкафтарға ілінген.
Мектептің материалдық базасында персоналдарға арналған душ қарастырылмаған.