АКТ


№44 ЖОББМ бойынша тамақтану сапасына мониторинг жүргізу бракераж комиссиясы жұмысының қорытындысы туралы
АНЫҚТАМА
Желтоқсан айының 24 күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Жүргізілген асханадағы тексеру нәтижелері сарапталып, талқыланып, түзету бойынша ұсыныс берілді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 жұмыс күні ұсынылды.
Мектеп асханасында қол жуатын орындарда арнайы кептіргіштер болмағандықтан, қағаз сүлгілер пайдаланылады. Білім алушыларға арналған қол жуатын 3 раковинаға сұйық сабын қойылған.
Ас блогындағы ыдыстарды жуу үшін пешке күнделікті, суды ысытады. Ыстық суды бөлек жылытып жуады.
Ас блогындағы санитарлық жағдай қалыпты, талаптар сақталған. Бірақ ас блогының үй-жайының жәй-күйі ыстық және суық сумен жабдықтау жүйелерінің, су жылытқыштар қарастырылмаған. Су бұру жүйелерінің жарамдылығы бойынша мұздай су ағып тұрған бір бұрағыш бұралмай, істен шыққан. Кептіру үшін синтетикалық матадан жасалған сүлгілерді пайдаланған. Бір реттік қағаз сүлгілерді пайдалу керектігі ескерілмеген.
Ас блогындағы санитарлық жағдай қалыпты, талаптар сақталған.
Қойма, ет цехы, нан цехы бөліктерінде санитарлық талаптар сақталған. Қоймада термометр қарастырылмаған.