IІ тоқсанындағы мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның (бракераж комиссиясы) мониторингті жүзеге асыру жұмысы туралы қорытынды анықтама
2021 жылдың қараша-желтоқсан айларында 103 аз қамтылған білім алушы мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен қамтылды. Аталған уақыт ішінде анықталып, тізіммен бекітілген 103 білім алушы мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен тамақтанып, түрлі себептермен сабаққа келмеген балалар күнделікті директор бұйрығымен «Д» санатында есепте тұрған және көпбалалы отбасынан шыққан резервте тұрған балалармен алмастырылып отырылды.
Апта сайын комиссия құрамы асхананың санитарлық жағдайын, тамақ өнімдерінің сапасын, оларды сақтауы, өнімнің мерзімдері, сапасы, тамақтану кезінде білім алушылардың санитарлық-гигиеналық тазалық талаптарын сақтауын, ас блогындағы ас мәзірінің дұрыс әзірленуін, сақталуын, ас әзірлейтін азық-түлік пен дайындалған астың сапасын, аспазшылардың денсаулығын, тазалығын тексеріп, қорытындысын комиссия хатшысы тексеру журналына жазып отырған.
Медицина қызметкері М.Мавлюдова күнделікті тағамдардың және өнім сапасын органолептикалық бағалау журналына жазып, анықтап, дайын тағамның сапасына органолептикалық бағалау жүргізген. Жеткізілген шикі және дайын өнімдердің және оларды сақтау шарттары жарамдылық мерзіміне сәйкес.Тексеру барысында бірінші кезекте асхананың санитарлық тазалығы, асхананың толымдылығы 30%- дан артық болмау шарты, әлеуметтік қашықтықты сақтау, үстелдер мен келушілер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр болуы, едендегі белгілер, қоршаулар, тосқауыл таспалар жүргізілуі, тамақтанарда білім алушылардың санитарлық-гигиеналық тазалық талаптарын сақтауы, ас мәзірінің дұрыс әзірленуі, сақталуы, аспазшылардың тазалығы, тағам дайындау технологиясында тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығы тексеріліп, асхананың жұмысында, ондағы санитарлық талаптардың сақталуы бойынша қандай да бір кемшіліктер анықталмады.
Сауалнама орыс, қазақ тілінде алынып, жалпы 73 ата-ана, 41 оқушы жауап берді. Нәтижесінде ата-аналар тарапынан асхана қызметі мен тамақтың сапасына жақсы баға берілді. Оқушылардың барлығы осы сұрақтарға жақсы деп жауап жазды. Сауалнаманың бірінші, яғни «Тамақтың сапасына қанағаттанасыз ба ?» деген сауалға ата-аналардың 95,8 пайызы «иә» деп жауап берсе, дәл осы сауалға оқушылардың 95,1 пайызы «иә» деп жауап берді.
Мектепің мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераж комиссиясының) комиссиясының ІІ тоқсандағы тамақтандырудың сапасына жасалынған қорытындысы бойынша кемшіліктер орын алған жоқ.
Шешімге ұсыныс:
1.Мектептің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясының (бракераж комиссиясы) IІ тоқсанындағы қорытынды анықтамасына сәйкес асхана жұмысы мен оқушылардың бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылу жағдайы қанағаттанарлық деп танылсын.