2021-2022 оқу жылының I тоқсанындағы мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның (бракераж комиссиясы) мониторингті жүзеге асыру жұмысы туралы қорытынды анықтама » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2021-2022 оқу жылының I тоқсанындағы мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның (бракераж комиссиясы) мониторингті жүзеге асыру жұмысы туралы қорытынды анықтама
25
қараша
2021

2021-2022 оқу жылының I тоқсанындағы мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның (бракераж комиссиясы) мониторингті жүзеге асыру жұмысы туралы қорытынды анықтама


2021-2022 оқу жылының I тоқсанындағы мониторинг  жүргізу жөніндегі комиссияның (бракераж комиссиясы) мониторингті жүзеге асыру жұмысы туралы қорытынды  анықтама



27.08.2021 жылғы отырыс шешіміне сәйкес 2021 жылдың қыркүйек-қазан айларында  101 аз қамтылған білім алушы мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен қамтылды. Аталған уақыт ішінде анықталып, тізіммен бекітілген 101 білім алушы мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен тамақтанып, түрлі себептермен сабаққа келмеген балалар күнделікті директор бұйрығымен «Д» санатында есепте тұрған және көпбалалы отбасынан шыққан резервте тұрған балалармен алмастырылып отырылды.

     2021-2022 оқу жылында мектеп басшысының 19.08.2021 жылғы №52 бұйрығына сәйкес тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия, 19.08.2021ж. № 51 бракераж комиссиясы  құрамы (ұсынымға сәйкес) 7 адамнан (оның ішінде мектептің ата-аналар қауымдастығының ішінен 3 адамнан) құрылып, білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіліп, комиссияның жылдық жұмыс жоспары құрылды. 

   Комиссия құрамы апта сайын  асхананың санитарлық жағдайын, тамақ өнімдерінің сапасын, оларды сақтауы, өнімнің мерзімдері, сапасы, тамақтану кезінде білім алушылардың санитарлық-гигиеналық тазалық талаптарын сақтауын, ас блогындағы ас мәзірінің дұрыс әзірленуін, сақталуын, ас әзірлейтін азық-түлік пен дайындалған астың сапасын, аспазшылардың денсаулығын, тазалығын тексеріп, қорытындысын комиссия хатшысы тексеру журналына жазып отырған.

    Медицина қызметкері М.Мавлюдова  күнделікті тағамдардың және өнім сапасын органолептикалық бағалау журналына жазып,  анықтап, дайын тағамның сапасына органолептикалық бағалау жүргізген. Жеткізілген шикі және дайын өнімдердің және оларды сақтау шарттары   жарамдылық мерзіміне сәйкес.

 Қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылдың 13 тамыздағы №3-15-2/3162-И және  Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2021 жылғы 16 тамыздағы №03-4644 хаттары мен Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы №36 қаулысында көрсетілген шектеу іс –шаралары, оның ішінде карантин кезіндегі мектепте  тамақтандыруды ұйымдастыруда қойылған талаптардың орындалуын қадағалау мақсатында аталған  уақыт ішінде аудандық, облыстық білім саласы мамандары мен қоғамдық ұйымдардан бірнеше тексерулер болды. 

Тексеру барысында бірінші кезекте асхананың санитарлық тазалығы,  асхананың толымдылығы 30%- тан артық болмау шарты, әлеуметтік қашықтықты сақтау, үстелдер мен келушілер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр болуы, едендегі белгілер, қоршаулар, тосқауыл таспалар  жүргізілуі, тамақтанарда білім алушылардың санитарлық-гигиеналық тазалық талаптарын сақтауы, ас мәзірінің дұрыс  әзірленуі, сақталуы, аспазшылардың тазалығы, тағам дайындау технологиясында тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығы тексеріліп, асхананың жұмысында, ондағы санитарлық талаптардың сақталуы бойынша қандай да бір кемшіліктер анықталмады. 

Мектепің мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераж комиссиясының) комиссиясының І тоқсандағы тамақтандырудың сапасына жасалынған қорытындысы бойынша кемшіліктер орын алған жоқ.

Шешімге ұсыныс: 

Мектептің тамақтану сапасына мониторинг  жүргізу жөніндегі комиссиясының (бракераж комиссиясы) I тоқсанындағы қорытынды   анысқтамасына сәйкес асхана жұмысы мен оқушылардың бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылу жағдайы қанағаттанарлық деп танылсын.