ZOOM платформасымен жүргізілген ақпараттық түсіндіру жұмыстарының есебі. » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ZOOM платформасымен жүргізілген ақпараттық түсіндіру жұмыстарының есебі.
03
қыркүйек
2020

ZOOM платформасымен жүргізілген ақпараттық түсіндіру жұмыстарының есебі.

2020-2021 оқу жылында Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы «Короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдары» туралы №345 бұйрығының 2-қосымшасында көрсетілгендей мектеп асханасы мен буфет істемейді.Сонымен қатар мектепте жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының жүріп жатқаны айтылды.

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулыға сәйкес 5санатқа сай  ыстық тамақпен жалпы №44 ЖББМ бойынша 36 отбасынан  82 оқушы қамтылды. Соның ішінде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын 34 отбасынан 76 оқушы, қамқорлыққа алынған 1 отбасынан 3 оқушы, педагогикалық кеңес шешімімен 1отбасынан 3 оқушы анықталып, тіркеліп отыр.

"Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну тәртібі ZOOM платформасы бойынша ата-аналарға ақпараттық түсіндіру жұмыстары түсіндіріліп, тиісті материалдар  интернет ресурстарда, мектеп сайтында мына сілтеме www.44-merki.mektebi.kz бойынша  орналастырылды. Сондай-ақ, фейсбук парақшасында https://www.facebook.com/profile.php?id=100049604552037 да жарияланды.