Жаңа заманның талабына сай маман атану- табысқа жеткізетін жол » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жаңа заманның талабына сай маман атану- табысқа жеткізетін жол
23
қараша
2022

Жаңа заманның талабына сай маман атану- табысқа жеткізетін жол

№44 жалпы орта білім беретін орта мектеп базасында ағымдағы жылдың 22- қараша күні  "Жаңа заманның талабына сай маман атану- табысқа жеткізетін жол" тақырыбында кәсіби бағдар беру бойынша  кездесу ұйымдастырылды.
МАҚСАТЫ: Оқушылардың  мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру,дұрыс бағыт- бағдар беру,мамандықтың құндылықтары туралы жалпы түсініктерді  кеңейту. 
Кездесуге   Меркі аудандық Орталық  ауруханасының гинекология бөлімінің меңгерушісі жоғары санаттағы  гинеколог дәрігер  Жібек Есенкулова және  СӨС дәрігері  Ұлбике Адешова, жеке кәсіпкер , қолөнер иесі, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Медет Узденовтың  қатысуымен өткізілді. Кездесу кешіміз    "Томирис " би ансамблінің  қазақша биімен ашылып,  2 сынып  оқушыларынан құралған "OnerStar" тобының  әнімен  жалғасты.Кездесу кеші  барысында білім алушыларымызға мамандықты дұрыс таңдау жайында және биылғы оқу жылындағы ҰБТ - ның  өту барысы,   міндетті  шекті балдың деңгейі туралы қызықты  бейнеролик  көрсетілді.Білім алушыларымыз қонақтарға  мамандықтың қыр-сыры қиындығы мен қызығы жайында өзекті сұрақтарын қойып , жақсы пікір алмасты.Дәрігерлеріміз қазіргі таңда  дәрігер  мамандықтарының  жоғарғы сұраныста екенін  атап өтті, алайда  дәрігер болу үлкен жауапкершілікті мамандық  екенін  нақты жеткізді.Жеке кәсіпкер , қолөнер иесі М.Р.Узденов ұстаздық пен қатар  кәсіпті  бірге  алып  жүр. "Жігітке жеті өнерде аз " және  өз мамандығын  сүйген  жан   білікті ұстаз, ақ халатты  дәрігер, ұста, шебер бола алатынын жеткізді. Білім алушыларымыз "Мамандық таңдау-үлкен өмірге қадам басу" екенін постер қорғау арқылы  өз ойларымен және  қазіргі уақытта  қандай мамандық  сұранысқа  ие екенін ашып  айтты.Барлық кездесуге келген  қонақтарымызға, білім алушыларымызға психологиялық  түрлі түсті геометриялық  қималар  таратылып,  таңдалған  қима қағаздарға  түсініктеме  берілді.Кездесуде кәсіпкер, қолөнер иесі М.Р.Узденовтың  қолынан жасалған  жеке туындыларынан  көрме  қойылды. "Ұстаздан- шәкірт озар" демекші Бөлекбай Нұргелді  "Медет  Ұстазыма " атты өз арнауын  арнап,  қуантты.Кездесу кешіне келген  қонақтарымыз  жылы лебіздерін  айтып, оқушыларымызға  келелі әңгімелерін  өрбіте  білді.
Кәсіби  бағдар беруші:  Жанақбаева  Айнұр Бейсенқызы.