«Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында ерте жүктілік пен суицидтің алдын алу жолдары» тақырыбына кездесу » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында ерте жүктілік пен суицидтің алдын алу жолдары» тақырыбына кездесу
02
желтоқсан
2020

«Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында ерте жүктілік пен суицидтің алдын алу жолдары» тақырыбына кездесу

2020 жылдың 2 желтоқсан күні №44 жалпы білім беретін мектебінде  Меркі аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында ерте жүктілік пен   суицидтің алдын алу жолдары» тақырыбына кездесу өтті. Кездесуге 9-11 сынып ата-аналары мен қыз балалары, 

Меркі аудандық білім бөлімінің әдіскері С.А. Метеркулова, аудандық АПБ ЖПҚБ ЮПТ аға инспекторы Б. Дауренбеков, аудандық «Жастар» дәрігерлік орталығының меңгерушісі Х.Ж. Адешова, дәрігер гинеколог А. С. Айдосова, мектеп директоры Н.А. Конкабаев, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.К. Даулетова қатысты.

  Кездесу барысында аудандық білім бөлімінің әдіскері С.А. Метеркулова ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігіне тоқталды, әсіресе  оқушылардың қашықтықтан оқуы кезін пайдаланып,  жасы 18-ге толмаған жасөспірім қыздарды ерте тұрмысқа берудің заңсыз екенін ескертті. Ұлттық салт-дәстүрлерге құрметпен қараймыз, алайда Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Білім туралы заңды басшылыққа алып жұмыс     ЮПТ аға инспекторы Б. Дауренбеков кәмелетке жасы жетпеген жасөспірімдердің ерте некелесуі кезіндегі Қазақстан Республикасы азаматтық және қылмыстық кодекстеріне сәйкес жауапкершіліктері бар екенін айтты.

  Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.К. Даулетова ата-аналарды  қыз балалар тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарауды, Қазақстан Республикасы неке және отбасы заңының 10 бабында некелесу жасы 18 жас болып көрсетілгеніг ескертті.

«Жастар» денсаулық орталығының жетекшісі Қ.Ж. Адешова мектеп жасындағы қыз балалардың гигиенасы мен жас ерекшеліктеріне қарай мінез-құлықта болатын өзгерістер туралы ақпарат берді. Бірінші кезекте білім алуды, түрлі шығармашылық байқауларға қатысуды алға мақсат етіп қою керектігін деді. А.Айдосова қыз баланың организімінің ерекшеліктеріне, ішкі ағзалардың дамуы мен қызметі туралы толық мәлімет берді. Жалпы жүктілік кезіндегі организмдегі өзгерістер мен 18-ге толмаған жасөспірім кездегі жүктіліктің организмге тигізетін кері әсерін салыстырмалы түрде түсіндірді.   Ерте жүктіліктің ағзаға тек кері әсерін тигізіп қоймай, сонымен бірге баланың да аурушаң немесе мүгедек болып туылуы мүмкін екенін айтты. Кездесуге қатысушылар   ата –аналар мен қыз балалардың  сұрақтарына жауап берді.