08
тамыз
2025
Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы
№ 44 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында тамыз айының 8 күні 2025-2026 оқу жылына Қамқошылық кеңес отырысы өтті. Қаралған мәселер бойынша нормативтік құжатқа сәйкес, мектепте оқитын әлеуметтік осал санаттағы оқушыларға (жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, мүмкіндігі шектеулі балалар, көпбалалы немесе аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылар және өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар) мемлекеттен берілетін бір реттік қаржылай және материалдық көмек көрсету. Бұл көмек түрлері жаңа оқу жылына дайындық барысында мектеп формасы, оқу құралдары және басқа да қажетті тауарлармен қамтамасыз етуді қамтиды. Қайырымдылық пен қолдау көрсету – балалардың білім алуға тең мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. Қамқоршылық кеңес отырысының шешімімен 45 отбасынын 105 білім алушыны қаржылай көмекке қамтыды.


















