«Мектепке жол» акция » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектепке жол» акция
06
қыркүйек
2021

«Мектепке жол» акция

Акцияның  мақсаты оқу жылының басталуына дайындалу уақытында аз қамтылған отбасы және көпбалалы  отбасының мектеп жасындағы оқушы балаларына, сонымен  қатар ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға мектепке түрлі жағдайлармен келмеуін алдын  алу үшін материалдық және басқа да қайырымдылық көмек көрсетілді. 

    Сондай-ақ іс-шаралар жоспары  жасалынып, мектеп әкімшілігінен жауапты қызметкерлер белгіленіп, акцияны өткізуді үйлестіру барысында комиссия  құрамы құрылды. Мектеп мұғалімдері мен  ауыл тұрғындары арасында акцияның басталуы бойынша ақпараттық қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді.  Тамыз айында  «Меркі тынысы» газетіне «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!»  тақырыбында мақала жарық көрді. Мақалада,  «Мектепке жол» акциясы жалғасын тауып, осы ауқымды іс-шараға байланысты арнайы комиссия құрылып, жұмыс істеп жатқандығы, сонымен қатар  жүрегі нұрға толы мектебіміздің ұстаздары  мүмкіндігінше қол ұшын беріп, түсіністікпен қарап, акциядан шет қалма5анды5ы туралы жазылды . 

    Сондай-ақ қатер тобындағы  оқушыларды анықтау мақсатында рейд жүргізіліп отырды, рейд барысында анықталған қатер тобында балалар жоқ. Балалар еңбегінің ең нашар түрлерін анықтау мақсатында   жүргізілген түнгі, күндізгі (саяжай және саяжай шаруашылығы, көңіл көтеретін мекемелер, базар) жалпы акция барысында 36 мұғалім қатысып, рейд  аптасына 2 рет жүргізілді. Жалпы 12 рейд ұйымдастырылып жалпы 36  мұғалім рейдтік шараларға қамтылды.    Жоспарға сай қыркүйек айының   15 мен 18 аралығында  2 мен 10 сыныптар арасында «Тәтті тоқаш» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкенің  барысы көмекке мұқтаж аз қамтылған , көпбалалы отбасынан шыққан балаларға көмектесу мақсатында үйымдастырылды.    Жәрмеңкеге жалпы 31 сынып қатысып өз үлестерін қосты.    Мектеп директоры және  мектеп әкімшілігі сонымен қатар мектептің ұстаздары   әлеуметтік жағдайы төмен, қамқорлыққа алынған оқушыға және көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға материалдық көмек ретінде мектеп формасы, спорттық костюм, сумка,  спорт аяқ киімдері мен оқу құралдары сыйға берілді.Атап айтсақ:

    Жалпы әлеуметтік санатына қарай аз қамтылған отбасынан 10 оқушыға, көпбалалы отбасынан шыққан 4 оқушыға, мүмкіндігі шектеулі үйден оқытылатын оқушы 4, өгей әкемен 1, қамқорлықтағы 3оқушы, әлеуметтік жетім 1     оқушы саны жалпы мектептен 23 оқушыға  материалдық көмек берілді.