«Қамқорлық» акциясы бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы хабарлама » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қамқорлық» акциясы бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы хабарлама
04
ақпан
2019

«Қамқорлық» акциясы бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы хабарлама

2018-2019 оқу жылының 20.01-30.01 аралығында «Қамқорлық» акциясы бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы
хабарлама

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің хатына сәйкес мектебімізде дәстүрлі республикалық «Қамқорлық» акциясы ұйымдастырылып, акцияға байланысты мектепішілік бұйрық шығарылып сол негізде жоспар жасалды. Жоспарға сай педагогикалық ұжым мүшелері және сынып жетекшілері акцияның міндеттерімен таныстырылды.
Акцияның мақсаты-күн көрісі төмен, көпбалалы және тұрмысы төмен, қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және әлеуметтік көмекке мұқтаж өзге де санаттағы анықталған балаларға көмек пен қолдау көрсету. Әлеуметтік себептер бойынша сабаққа балалардың келмеуін алдын алу. Акция жоспары ұжымға, ата-аналарға, оқушыларға таныстырылды.
Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың оқу құралдары мен мектеп формасымен қамтамасыз ету үшін мектепте «Қамқорлық» акциясын өткізудегі іс-шаралар жоспарына сай әлеуметтік педагог пен сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен «Тәтті тоқаш» жәрмеңкесі өтті. Нәтижесінде жиналған қаражатқа акт жасалынып мектепте әлеуметтік көмекке мұқтаж көпбалалы және жартылай жетім отбасынан шыққан 7 оқушыға 43000 тг қыстық етік берілді. 1г сыныптың ата-аналары 3 оқушыға (Қуаныш Мирас, Даулет Анель, Жарылқасым Даниэль) демеуші болып жалпы 6 000 тг (әр оқушыға 2 000 тг) оқу құралдарын әперді. 6б сынып жетекшісі Далиева Эльмира 6б сынып оқушысы Ораз Елдосқа 2 000 тг оқу құралдарын берді. Жалпы 20.01.-30.01 аралығында 11 оқушыға көмек берілді. Атап көрсетер болсақ:

№Оқушының аты-жөніСыныбыЖынысыҚайырымдылық көмектің
түріБағасы
1Тохтасын Ердаулет2вҰлЕтік раз 346000
2Тохтасын Бақдаулет7вҰл Етік раз 386000
3Мырзабаев Бақытжан6вҰлЕтік раз 426000
4Раимбек Мырзабек6вҰлЕтік раз 376000
5Шарипова Даяна7дҚыз Етік раз 426500
6Васильжан Шерзат8гҰл Етік раз 396000
7Васильжан Ляззат7д Қыз Етік раз 386500
Барлығы:43 000 теңге
8Ораз Елдос6бҰл Оқу құралдары2000
9Қуаныш Мирас1гҰл Оқу құралдары2000
10Даулет Анеля1гҚыз Оқу құралдары2000
11Жарылқасым Даниэль1гҰл Оқу құралдары2000
Барлығы:8 000 теңге
Жалпы барлығы: 51 000

Барлығы 51 000 (елу бір мың) теңге көлемінде көмек көрсетілді.