«Қамқорлық» акциясы бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы хабарлама » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қамқорлық» акциясы бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы хабарлама
04
ақпан
2019

«Қамқорлық» акциясы бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы хабарлама

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің хатына сәйкес мектебімізде дәстүрлі республикалық «Қамқорлық» акциясы ұйымдастырылып, акцияға байланысты мектепішілік бұйрық шығарылып сол негізде жоспар жасалды. Жоспарға сай педагогикалық ұжым мүшелері және сынып жетекшілері акцияның міндеттерімен таныстырылды.
Акцияның мақсаты-күн көрісі төмен, көпбалалы және тұрмысы төмен, қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және әлеуметтік көмекке мұқтаж өзге де санаттағы анықталған балаларға көмек пен қолдау көрсету. Әлеуметтік себептер бойынша сабаққа балалардың келмеуін алдын алу. Акция жоспары ұжымға, ата-аналарға, оқушыларға таныстырылды.
Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың оқу құралдары мен мектеп формасымен қамтамасыз етум үшін мектеп әкімшілігі мен мектебіміздің демеушілері мектеп формасы және оқу құралдарымен 3 оқушыға 12000 (он екі мың) теңге 10.01.-20.01 аралығында көмек берілді. Атап көрсетер болсақ:


№Оқушының аты-жөніСыныбыЖынысыҚайырымдылық көмектің
түріБағасы
1Ораз Анель2бқызАқ кофта3000
2Төлеген Балғын7вқызАқ кофта3000
3Тохтасын Ердаулет2вұлЕтік6000


Барлығы 12 000 (он екі мың) теңге көлемінде көмек көрсетілді.