Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 ақпандағы № 255 Қаулысы » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 ақпандағы № 255 Қаулысы
05
қыркүйек
2022

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 ақпандағы № 255 Қаулысы

"Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 ақпандағы № 255 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. "Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 28-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы"; 2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидалары бекітілсін.". 3) Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі К. Мәсімов 
Толық нұсқасы:
64-aulya-zgers.pdf