Мектеп оқушыларының жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыру. » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп оқушыларының жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
01
қаңтар
2021

Мектеп оқушыларының жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

      №44 ЖББМ бойынша  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы  №64 қаулыға сәйкес 5санатқа сай  ыстық тамақпен жалпы 34 отбасынан  77 оқушы қамтылды. Соның ішінде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын 32отбасынан 71 оқушы, қамқорлыққа алынған 1 отбасынан 3 оқушы, педагогикалық кеңес шешімімен 1отбасынан 3 оқушы анықталып, тіркеліп отыр.

"Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну тәртібі ZOOM платформасы бойынша ата-аналарға ақпараттық түсіндіру жұмыстары түсіндіріліп, тиісті материалдар  сайттқа орналастырылды. Ыстық тамаққа қажетті құжаттардың уақтылы сайтқа интернет желісінде (нобдда) дұрыс орналасуы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Аликулова тарапынан қадағалануда.

     Бүкіл әлемдік пандемияға байланысты қашықтықтан және дәстүрлі оқыту форматы негізінде, сонымен қатар мектепте жүргізіліп жатқан күрделі жөндеуге байланысты мектеп қабырғасындағы асхана жұмысы тоқтатылды.