«Ұрпаққа ұран болған ұлы есімдер» әдеби-танымдық кеш » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ұрпаққа ұран болған ұлы есімдер» әдеби-танымдық кеш
05
желтоқсан
2022

«Ұрпаққа ұран болған ұлы есімдер» әдеби-танымдық кеш

№44 жалпы орта білім беретін орта мектебінде «Ұрпаққа ұран болған ұлы есімдер» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі айлығының ашылуына байланысты әдеби-танымдық кеш өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: мемлекеттiк тiлдiң колданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, шешендік өнерді, Қаз дауысты Қазыбек бидің шешендік мұраларын насихаттау, тілге шешен, ділмар сөз шеберлерінің шығармаларын насихаттау.

Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына-355 жыл толуына орай «Қазыбек би-Ұлы Дала тұлғасы» тақырыбында қазақтың аса айбынды билерінің бірі - Қаз дауысты Қазыбек бидің тарихтағы орны мен шешендік сөздерінің шығу тарихына шолу жасалды.

Мұхтар Әуезовтің туғанына- 125 жыл толуына байланысты өмірі,еңбектері жайлы ақпараттар, әдеби кітаптарды оқу туралы ұсыныстар берілді. «Әлем таныған Әуезов» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Шерхан Мұртазаның туғанына -90 жыл толуына орай Шерхан Мұртазаның шығармашылық Қызметімен таныстыру, қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан танымал тұлғаның туындыларын оқуға ұсыныстар айтылды.