Кел, балалар, оқылық!
№ 44 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында
Ыбырай Алтынсариннің 180-жыл толуынабайланысты
«Кел, балалар, оқылық!» атты көрме туралы
Анықтама
Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстырып, Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу мен ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу мақсатындамектеп кітапханасында кітапханашылардың ұйымдастыруымен Ыбырай Алтынсариннің – 180 жыл толуына байланысты «Кел, балалар, оқылық!» атты кітап көрмесі қойылды.
Көрмеге Ыбырай Алтынсариннің шығармалары, ғылыми -педагогикалық еңбектері, ағартушының өмірі мен қызметін айшықтайтын: Ы.Алтынсарин «Кел, балалар, оқылық», Ы. Алтынсарин «Өнер-білім бар жұрттар …», Ж.Смағұл «Алтынсарин және ұлттық әдеби мұра», «Ыбырай Алтынсарин тағлымы», Ә. Дербісәлин «Ыбырай Алтынсарин» және т.б. әдебиеттер мен мерзімді басылым беттеріндегі мақалалар ұсынылды.
Көрмеге ұсынылған материалдар Ыбырай Алтынсарин мұрасының бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпағанын және әлі де қызығушылық тудыратынын дәлелдейді.