Жүз жыл жырлаған жүрек
№ 44 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында
Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған
«Жүз жыл жырлаған жүрек» тақырыбында
әдеби - танымдық кеште ұйымдастырылған көрме туралы
Анықтама
Алты Алаштың ақтаңгер ақыны, елдің мұңын мұңдап, жоғын түгендеген, ұрпағына ұлы мұра қалдырып кеткен ХХ ғасырдың Гомері Жамбыл Жабаевтың туғанына биыл 175 жыл толып отыр. Жүз жасаған абыздың айтулы мерейтойына орай 27 ақазан күні қазақ тілі пән мұғалімдерімен кітапханашылар жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына «Жүз жыл жырлаған жүрек» атты әдеби - танымдық кеш өткізді.
Мақсаты:Оқырмандарды Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру, сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінің өнерін сүюге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында Жамбыл Жабаевтың өлеңдері жатқа оқылды, ақынның шығармашылығынан көрініс көрсетіліп, «Жамбыл ата жайында не білеміз?» атты сұрақ-жауап ойыны ойнатылды. Сонымен қатар оқушылар«Жүз жыл жырлаған жүрек» атты кітап көрмесімен танысты.
