Рухани жаңғыру аясында өткізілген «Тіл – тұтастық туы» атты іс-шаралардың өткілізуі туралы
Іс-шараны жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2018-2019 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударылды:
28 қазан -қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл Сұлтанмахмұт Шоқпытұлы Торайғыровтың туғанына 125 жыл(1893-1920);
25 маусым – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың туғанына 125 жыл (1893-1937).
«Тіл – тұтастық туы» атты мерекенің ашылуын 20.09. күні акт залында өткізді. Алаш қозғалысының қайраткері, ақын Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына , қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл Сұлтанмахмұт Шоқпытұлы Торайғыровтың туғанына 125 жылға толуына арналған әдеби-сазды кешпен ұласты. Кеш мазмұнды, тәрбиелік мәні зор болды.
8-9 сыныптары арасында қазақ тілі пәні мұалімдеріТонбаева К, Рыскулова А, Юнусова О. ұйымдастыруымен «Ұлтын ұлықтаған қазақ зиялылары»тақырыбында Мағжан Жұмабаев, С.Торайғыров, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсыновтың өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
7-сынып мұғалімдері Қожахметова Д, Мақұлбекова Д. Досымбекова Б. ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығына арналған сынып сағаты өткізілді. 9-10 сыныптар арасында «Тіл мерекесі –ел мерекесі» атты әдеби –компазициялық кеш өткізді.

